Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 20/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 5596 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы Кодексінің (Салық кодексі) 546 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қаласы және қалаға әкімшілік бағынышты елді мекендерінде қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге бірыңғай айлық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" Риддер қалалық маслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсанындағы № 29/7 - IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-142 тіркелген, 2011 жылғы 28 қантарда "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 18.07.2019 № 34/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданылады).

      Сессия төрағасы В. Стребков
      Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Панченко

  Ридлдер қалалық мәслихатының
2018 жылғы "27" наурыздағы
№ 20/3-VI шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 18.07.2019 № 34/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданылады).

Реттік №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіште)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

10

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

10

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

2

4.

Ойын жолы

7

5.

Карт

4

6.

Бильярд үстелі

7

7.

Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады