Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 11.03.2020 № 44/3-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 546-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22/12 - VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-5-142 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 - 30 сәуірдегі "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы | Б. Оразбаев |
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |
Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/6 -VІ шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
7 | Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |