Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің елді мекендеріндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 12 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 13 қарашада № 5-8-181 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 9 шілдедегі қорытындысына сәйкес және тұрғындардың қалауын ескере отырып, Белағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі елді мекендеріндегі келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Белағаш ауылының Советская көшесі – "Орталық" көшесі;

      2) Белағаш ауылының Комсомольская көшесі – "Жастар" көшесі;

      3) Белағаш ауылының Чкалова көшесі – "Гүлдер" көшесі;

      4) Белағаш ауылының Красноармейская көшесі – "Наурыз" көшесі;

      5) Белағаш ауылының Партизанская көшесі – "Бастау" көшесі;

      6) Зенковка ауылының Советская көшесі – "Дружбы" көшесі;

      7) Зенковка аулының Коммунистическая көшесі –"Кең Дала" көшесі;

      8) Зенковка ауылының Ленин көшесі– "Алаш" көшесі;

      9) Зенковка ауылының Октярьская көшесі– "Халық" көшесі;

      10) Зенковка ауылының Красноармейская көшесі–"Көктем" көшесі;

      11) Зенковка ауылының Пролетарская көшесі–"Жолашар" көшесі;

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) осы ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі Д. А. Асаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады