Катонқарағай ауданы бойынша 2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 43 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 5489 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

            Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Катонқарағай ауданының әкімі А. Нұрғожин

  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2018 жылғы
"06" ақпандағы43
қаулысына 1 қосымша

Катонқарағай ауданы бойынша 2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмысшылардың саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

1

1

2.

"Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі

451

1

5

3.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

226

1

2

4.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай ауданаралық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

236

1

2

5.

"Алтай Комхоз Сервис" қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны

109

1

1

6.

"Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

1

1


Барлығы:

1181

1

12

  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2018 жылғы
"06" ақпандағы43
2 қосымша

Катонқарағай ауданы бойынша 2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмысшылардың саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі

451

2

9

2.

"Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

115

2

2

3.

"Алтай Комхоз Сервис" қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны

109

2

2

4.

"Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Үлкен Нарын орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

48

2

1


Барлығы:

723

2

14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады