Ұлан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 250 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 5-17-210 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2023 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5- тармағына, 704-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіннің (Салық кодексі) 503, 704-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Кусаинов
      Ұлан аудандық
мәслихатының хатшысы
О. Сыдыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады