Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округінің Алғабас ауылы және "Ермек", шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 14 тамызда № 5-17-190 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 23.09.2019 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7 тармақшасы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы 2018 жылғы 21 маусымдағы № 01-26/2018 ұсыныс хатына сәйкес, Бозанбай ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округінің Алғабас ауылы және "Ермек" шаруа қожалығын ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Бозанбай ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімшесінің меңгерушісі А. Касеновқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бозанбай ауылдық округі әкімінің м.а. К. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады