Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің 2018 жылғы 25 наурыздағы № 03 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 4 сәуірде № 5-19-175 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің 2019 жылғы 4 сәуірдегi № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің 04.04.2019 № 01 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы, 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2018 жылғы 25 наурыздағы № 2 хаттамасы негізінде, Шемонаиха ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Шемонаиха ауданының аумағында жергілікті масштабты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Б.К. Молдаханов оған тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К. Молдахановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Шемонаиха ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы Д. Горьковой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады