2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 19-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 қазанда № 5352 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 25-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 27.05.2019 № 25-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-2 "Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №3268 тіркелген, 2013 жылғы 27 сәуірдегі "Орал өңірі" газетінде жарияланған), Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №27-2 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-2 "Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №4096 тіркелген, 2015 жылғы 28 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Илимисов
      Облыстық мәслихат
хатшысы
М. Құлшар

  Батыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 19-4 шешімімен бекітілген

2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлем ставкалары (теңге)

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 тек.м

95,753

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 тек.м

273,952

3

Ауыл шаруашылығы

1000 тек.м

77,133

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 тек.м

74,473

5

Су көлігі

1000 т.км

9,31

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
тек.м–текше метр;
т.км–тонна километр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады