Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 18.03.2020 № 33-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-4 "2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №5352 тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 27 мамырдағы №25-3 шешімімен бекітілген |
2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлем ставкалары (теңге) |
1 | Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1000 тек.м. | 100,826 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | 1000 тек.м. | 288,475 |
3 | Ауыл шаруашылығы | 1000 тек.м. | 81,221 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | 1000 тек.м. | 78,42 |
5 | Су көлігі | 1000 т.км | 9,803 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
тек.м. – текше метр;
т.км – тонна километр.