2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 203 бұйрығымен бекітілген |
Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 51-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленеді және орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру тәртібін айқындайды.
2. Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыруды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі жасаған есептемелерге сәйкес жер учаскелері ауыстырылатын жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер;
2) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – орман мекемесі) – мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған мекеме;
3) орманның типі –орман өсіру жағдайларының біртектілігі, шығу тегінің ұқсастығы, құрамы, топырақ жамылғысы және орман өсіру іс-шараларының ортақтығы біріктірген, сүрекдіңдері немесе екпелері бар учаскелердің жиынтығы;
4) өтініш беруші – мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерлерін мемлекет мұқтаждықтары үшін алып қою өз мүдделері үшін жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалар;
5) сүрекдің – орман екпелерінің негізгі компоненті болып табылатын ағаштар жиынтығы.
2-тарау. Орман шаруашылығы шығасылар мен шығындардың орнын толтыру тәртібі
4. Өтініш беруші жер учаскесінің орналасқан жері бойынша еркін нысанда орман мекемесіне мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезіндегі орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарының орнын толтыру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Орман мекемесі өтініш келіп түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін басқа санаттағы жерлерге ауыстырудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарының орнын толтыру есептемесін осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасайды, басшысының мөрімен және қолтаңбасымен растайды.
Есептемелер екі данада жасалады, есептемелердің бір данасы өтініш берушіге табысталады, екінші данасы орман мекемесінде қалады.
5. Мемлекеттік орман қоры жерлері санаттарына арналған шығасылардың орнын толтыру есептемесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-02/132 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10613 болып тіркелген) бекітілген Орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны өтеу нормативтеріне (бұдан әрі - Нормативтер) сәйкес жүргізіледі.
6. Нормативтерде көрсетілген орман типтерінің топтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
7. Орман дақылдары бар болған кезде орман шаруашылығы өндірісі шығындарының орнын толтыру есептемесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады. Бұлар – орман дақылдарын қалыптастыруға (дайындық жұмыстары, орман дақылдарын отырғызу және оларға күтім жасау) жұмсалған шығындар.
8. Сүрек бар болған кезде төлемақы мөлшерлемесі бойынша орман шаруашылығы өндірісі шығындарының орнын толтыру есептемесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сай нысан бойынша анықталады.
9. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептелген шығасылар сомаларының осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес есептелген шығындар бар болса, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған немесе орман алқаптарының нысаналы мақсаты өзгертілген сәттен бастап алты айлық мерзімде бюджет кірісіне орны толтырылуы тиіс.
Өтініш беруші шығасылар мен шығындардың төленгені туралы түбіртектің көшірмесін орман мекемесіне ұсынады.
Орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын өтеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік орман қоры жерлері санаттарына арналған шығасылардың орнын толтыру есептемесі
№ | Орман мекемесінің атауы | Орманшылық | Орман типтерінің топтары | Алаңы, гектар | 1 гектарға мөлшері, мың теңге | Сома мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
Барлығы |
Орман шаруашылығы мекемесі басшысының қолы:
__________________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Өтініш беруші: ___________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Жасалған күні __________________
Мөр орны
Орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын өтеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Орман дақылдары бар болған кезде орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының орнын толтыру есептемесі
№ | Жұмыстардың атауы | Негіздеме | Сома теңгемен/тиын |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | |||
2 | |||
Барлығы |
Орман шаруашылығы мекемесі басшысының қолы:
__________________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Өтініш беруші: ___________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Жасалған күні __________________
Мөр орны
Орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын өтеу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сүрекдің бар болған кезде төлемақы мөлшерлемесі бойынша орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының орнын толтыру есептемесі
№ | Ағаш-бұта тұқымдастар атауы | Кәделік сүрекдің жоғарғы ұшындағы діңнің кесіндісінің диаметрлеріне байланысты, шаршы метр/теңге | Отындық қабықты сүрекдің текше метр/ теңге | Сомасы мың теңге | ||
ірі | орташа | ұсақ | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
Барлығы |
Орман шаруашылығы мекемесі басшысының қолы:
__________________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Өтініш беруші: ___________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Жасалған күні __________________
Мөр орны