Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 маусымда № 18801 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10285 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттарды:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронаттық тәрбиеші болу және ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

      2) тұлғаны куәландыру құжатын (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      3) егер патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адам некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) нотариалды куәландырылған келісімін;

      4) егер некеде тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесін;

      5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін;

      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екендігін растайтын патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса зайыбының (жұбайының) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманы;

      7) білімі туралы дипломның көшірмесін;

      8) баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін);

      9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтаманы ұсынады.

      Бала (балалар) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылатын тізбенің 8) тармақшасындағы көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін тіркеу талап етілмейді.";

      11-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін жасайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.

      Қорытындыға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң қорытынды алған тұлғалар туралы мәліметтерді Кодекстің 118-3-бабына сәйкес Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) енгізеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Патронат тәрбиешілерге берілген әрбір балаға (балаларға) баланы күтіп бағатын ұйым:

      1) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін;

      2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 6697 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген № 026/е нысанды медициналық құжаттаманы, егу паспортын және № 063/е нысанды медициналық құжаттаманы;

      3) білімі туралы құжатты;

      4) баланың (балалардың) ата-ана қамқорлығынан айырылғанын растайтын қайтыс болуы туралы куәліктің, сот үкімінің немесе шешімінің, ата-анасының сырқаттануы немесе іздестірілуі туралы анықтаманың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;

      5) аға-інілерінің және апа-сіңлілерінің-қарындастарының болуы және тұратын жерлері туралы ақпаратты;

      6) балаға (балаларға) тиесілі мүліктің тізімдемесін және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);

      7) балада (балаларда) тұрғын үй-жайдың болуын растайтын құжатты;

      8) баланы қылмыс жасаған күдікті патронатқа берген жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысын;

      9) баланың (балалардың) жеке ісінде бар өзге де құжаттарды береді.";

      Патронаттық тәрбие туралы ережеге 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Патронаттық тәрбие туралы ережеге 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Нысан
  "Бекітемін"
  Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
____________________________
20___ жылғы "__"
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны";

      Патронаттық тәрбие туралы ережеге 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Нысан
  "Бекітемін"
  Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
____________________________
20___ жылғы "__"
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны";

      2) "Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14053 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Орган үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісін жүргізеді және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Баланы бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.

      Берілген сәттен бастап 12 ай ішінде жарамды болатын қорытынды негізінде орган баланы таңдау үшін ұйымға жолдама береді.";

      Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Нысан
  "Бекітемін"
  Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
_________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны азамат(ша)
_________________________
_________________________
_________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) және жеке
  сәйкестендіру нөмері)";

      Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Нысан
  "Бекітемін"
  Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
  (Т.А.Ә. (бар болғанда)
20___ жылғы "__"
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны";

      3) "Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14425 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Балаларды ұйымнан баланы қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адам тұрғылықты жері бойынша баланы қабылдайтын ата-аналардың, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органына (бұдан әрі – Орган) мынадай құжаттарды:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқаларын көрсете отырып);

      3) неке туралы куәліктің көшірмесін;

      4) Кодекстің 91-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес адамның, ерлі-зайыптылардың ауруларының жоқ екенін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамаларды, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұруы туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамаларды;

      5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтаманы;

      6) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың (жалға беру туралы шарт) көшірмесін;

      7) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.";

      6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша Орган өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін дайындайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.

      7. Қорытындыға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң Қорытынды алған үміткерлер туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне енгізеді.";

      Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеге 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Нысан
  "Бекітемін"
  Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны азамат(ша)
_________________________
_________________________
_________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) және жеке
сәйкестендіру нөмері)";

      Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеге 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Нысан
  "Бекітемін"
  Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
20___ жылғы "__"
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны";

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 5 маусымдағы
№ 256 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына
1-қосымша
  ________________________
(органның атауы)

Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдірген және ақшалай қаражат тағайындау туралы өтініш

      Балаларды патронаттық тәрбиеге беру және оларға асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды сұраймын

      1. ___________________________ (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      2. ___________________________ (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3. ___________________________ (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      4. ___________________________ (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болғанда), және жеке сәйкестендіру нөмірі) (білім ұйымының атау).

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдай зерделеуін өткізуге қарсы емеспін.

      Тұрғылықты мекенжайым өзгерген жағдайда күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ол туралы міндетті түрде хабарлаймын.

      Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      20__ жылғы "___" ______________                         _________________

                                                                        (қолы)

О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 июня 2019 года № 256. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 июня 2019 года № 18801

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 14 "Об утверждении Положения о патронатном воспитании" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 10285, опубликован 3 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Положении о патронатном воспитании, утвержденным указанным приказом:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Лицо, выразившее желание взять ребенка (детей) на патронатное воспитание предоставляет в орган следующие документы:

      1) заявление о желании стать патронатным воспитателем и назначении денежных средств (далее – заявление), по форме согласно приложению 1 к настоящему Положению;

      2) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);

      3) нотариально заверенное согласие супруга(-и), в случае если лицо, изъявившее желание стать патронатным воспитателем состоит в браке;

      4) копию свидетельства о заключении брака, если состоит в браке;

      5) копию документов, подтверждающие право собственности или право пользования жилищем;

      6) справку о состоянии здоровья лица, желающего стать патронатным воспитателем и его супруга(-и), если состоит в браке, подтверждающую отсутствие заболеваний, в соответствии с перечнем заболеваний, при наличии которых лицо не может усыновить ребенка, принять его под опеку или попечительство, патронат, утвержденным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 августа 2015 года № 692 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12127), а также справки об отсутствии сведений о состоянии на учете в наркологическом и психиатрическом диспансерах в соответствии с формой первичной медицинской документации организаций здравоохранения, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697);

      7) копию диплома об образовании;

      8) справку об обучении ребенка (детей) в организации образования (для детей школьного возраста);

      9) справку о наличии либо отсутствии сведений по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом преступления.

      Предоставление документа, указанного в подпункте 8) перечня, не требуется, в случае проживания ребенка (детей) в организациях для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.";

      части первую и вторую пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "11. По итогам проверки документов орган в течение трех рабочих дней со дня подачи заявления проводит обследование жилища, по результатам которого составляет акт обследования жилищно-бытовых условий лиц, желающих принять ребенка (детей) на патронатное воспитание по форме согласно приложению 2 к настоящему Положению и выносит заключение о возможности (невозможности) заключения договора о передаче ребенка (детей) на патронатное воспитание (далее – заключение) по форме согласно приложению 3 к настоящему Положению.

      В течение трех рабочих дней со дня подписания заключения орган выдает оригинал заключения лицам, изъявившим желание взять ребенка (детей) на патронатное воспитание, и вносит сведения о лицах, получивших положительное заключение в Республиканский банк данных детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, а также лиц желающих принять детей на воспитание в свои семьи (далее – Республиканский банк данных) в соответствии со статьей 118-3 Кодекса.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. На каждого ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям, организация, в которой содержится ребенок предоставляет:

      1) свидетельство о рождении ребенка (детей);

      2) медицинскую документацию формы № 026/у, прививочный паспорт и медицинскую документацию формы № 063/у, утвержденные приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" от 23 ноября 2010 года № 907 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6697);

      3) документ об образовании;

      4) копии свидетельства о смерти, приговора или решения суда, справку о болезни или розыске родителей и другие документы, подтверждающие утрату ребенком (детьми) попечения родителей;

      5) информацию о наличии и местонахождении братьев и сестер;

      6) опись имущества, принадлежащего ребенку (детям), и сведения о лицах, отвечающих за его сохранность (при наличии);

      7) документ, подтверждающий наличие у ребенка (детей) жилища;

      8) в случае передачи на патронат ребенка, подозреваемого в совершении уголовного правонарушения - постановление органа, ведущего уголовный процесс;

      9) иные документы, имеющиеся в личном деле ребенка (детей).";

      приложение 1 к Положению о патронатном воспитании изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу;

      правый верхний угол приложения 2 к Положению о патронатном воспитании изложить в следующей редакции:

  Форма
  "Утверждаю"
Руководитель
местного исполнительного
органа
района, города областного и
республиканского значения,
столицы
____________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ______________ 20___ года
дата, подпись, место печати";

      правый верхний угол приложения 3 к Положению о патронатном воспитании изложить в следующей редакции:

  Форма
  "Утверждаю
Руководитель
местного исполнительного
органа
района, города областного и
республиканского значения,
столицы
____________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ______________ 20___ года
дата, подпись, место печати";

      2) в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 402 "Об утверждении Положения о гостевой семье" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14053, опубликован 9 августа 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Положении о гостевой семье, утвержденным указанным приказом:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Орган в течение трех рабочих дней проводит акт обследования жилищно-бытовых условий лиц, желающих принять ребенка (детей) в гостевую семью согласно приложению 3 к настоящему Положению и готовит заключение о возможности либо невозможности приема ребенка (детей) в гостевую семью по форме согласно приложению 4 к настоящему Положению.

      На основании заключения, действительного в течение 12 месяцев с момента выдачи, орган выдает направление на подбор ребенка в организацию.";

      правый верхний угол приложения 2 к Положению о гостевой семье изложить в следующей редакции:

  Форма
  "Утверждаю"
Руководитель
местного исполнительного
органа
района, города областного и
республиканского значения,
столицы
____________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
от гражданина (ки)
______________
Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ______________ 20___ года
дата, подпись, место печати
Проживающий (ая) по адресу,
телефон
____________________________";

      правый верхний угол приложения 3 к Положению о гостевой семье изложить в следующей редакции:

  Форма
  "Утверждаю"
Руководитель
местного исполнительного органа
района, города областного и
республиканского значения, столицы
____________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ______________ 20___ года
дата, подпись, место печати";

      3) в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 октября 2016 года № 597 "Об утверждении Положения о приемной семье" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14425, опубликован 2 декабря 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Положении о приемной семье, утвержденным указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Лица, изъявившие желание взять детей в приемную семью предоставляют в органы, осуществляющие функции государства по опеке или попечительству по месту своего жительства (далее – Орган) следующие документы:

      1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящему Положению;

      2) копии документов, удостоверяющих личность (с предъявлением оригинала);

      3) копию свидетельства о заключении брака;

      4) справки о состоянии здоровья лица, супруга(-и), подтверждающие отсутствие заболеваний в соответствии с подпунктом 6) пункта 2 статьи 91 Кодекса, а также справки об отсутствии сведений о состоянии на учете в наркологическом и психиатрическом диспансерах по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6697) (далее – приказ № 907);

      5) справка о наличии либо отсутствии сведений по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом преступления;

      6) копию документа, подтверждающего право собственности на жилище или право пользования жилищем (договор аренды);

      7) копию договора об открытии текущего счета в банке второго уровня.";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. По итогам проверки документов Орган в течение трех рабочих дней с момента подачи заявления проводит обследование жилища, по результатам которого составляет акт обследования жилищно-бытовых условий лиц, желающих принять ребенка (детей) в приемную семью по форме согласно приложению 2 к настоящему Положению и выносит Заключение о возможности (невозможности) быть кандидатами в приемные родители (далее – Заключение) по форме согласно приложению 3 к настоящему Положению.

      7. В течение трех рабочих дней со дня подписания Заключения Орган выдает его оригинал лицам, изъявившим желание взять ребенка (детей) в приемную семью, и вносит сведения о кандидатах, получивших положительное Заключение в Республиканский банк данных.";

      правый верхний угол приложения 1 к Положению о приемной семье изложить в следующей редакции:

  Форма
  "Утверждаю"
Руководитель
местного исполнительного органа
района, города областного и
республиканского значения, столицы
от гражданина (ки) _____________
Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ______________ 20___ года
дата, подпись, место печати
Проживающий (ая) по адресу, телефон
____________________________";

      правый верхний угол приложения 2 к Положению о приемной семье изложить в следующей редакции:

  Форма
  "Утверждаю"
Руководитель
местного исполнительного органа
района, города областного и
республиканского значения, столицы
___________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ______________ 20___ года
дата, подпись, место печати".

      2. Комитету по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 5 июня 2019 года № 256
  Приложение 1
к приказу Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 16 января 2015 года № 14
  _________________________
(наименование органа)

Заявление о желании стать патронатным воспитателем и назначений денежных средств

      Просим Вас передать на патронатное воспитание детей и назначить денежные средства на их содержание:

      1. __________________ указать Ф.И.О. (при его наличии) и индивидуальный идентификационный номер детей

      2. __________________ указать Ф.И.О. (при его наличии) и индивидуальный идентификационный номер детей,

      3. __________________ указать Ф.И.О. (при его наличии) и индивидуальный идентификационный номер детей,

      4. ___________________ указать Ф.И.О. (при его наличии) и индивидуальный идентификационный номер детей, проживающим (и) (наименование организации образования): ______________________________________.

      Против проведения обследования жилищно-бытовых условий не возражаю(ем).

      В случае переезда обязуюсь в течение 10 (десять) календарных дней сообщить о перемене места жительства.

      Предупрежден(а) об ответственности за предоставление недостоверных сведений и поддельных документов.

      "___" _____________ 20 ___года ______________________ (подпись заявителя)