Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.04.2020 № 101 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
"Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
6, 7, 8, 9, және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабы 7-тармағына сәйкес:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті беру үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш құрайды.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлемді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.);
3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
9. Көрсетілетін қызмет алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға (сенімхат арқылы оның өкілі жүгінген жағдайда):
1) көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарнаны есепке қою үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
2) отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, сондай-ақ атының өзгеруіне байланысты):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
порталға:
4) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
осы мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес электрондық мәліметтер нысаны;
5) теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
6) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені, төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесі көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісім алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын дәл сондай атауы бар және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк беруі;
2) өтініш мазмұнының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сай келмеуі;
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенінің анықталуы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы, (8 (7172) 74 03 64 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14 Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет", www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
6, 7, 8 және 9 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі – лицензия немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық түрде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) теле-, радиоарналарын тарату бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезінде мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды.
Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлемді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.);
3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
9. Көрсетілетін қызмет алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға (сенімхат арқылы оның өкілі жүгінген жағдайда):
1) лицензия алу үшін:
теле-, радиоарналарын тарату қызметіне лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның өтініші немесе теле-, радиоарналарын тарату қызметіне лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның өтініші;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер және құжаттар:
осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
төтенше жағдайлар жағдайында халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы (ерікті нысанда жасалған);
спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);
метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі.
өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін (құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде: қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); дара кәсіпкердің оның атауының және мекенжайының, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта өзгеру нысанында заңды тұлға, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде):
заңды тұлғаның теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысуға лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес өтініші немесе жеке тұлғаның теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысуға лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініші;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін):
порталға:
3) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (ерікті нысанда жасалған);
телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (ерікті нысанда жасалған);
спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспардың электрондық көшірмесі (спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);
метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығы тізбесінің электрондық көшірмесі;
өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттардың электрондық көшірмесі;
4) лицензияны қайта ресімдеу үшін (құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде: қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); дара кәсіпкердің оның атауының және мекенжайының, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта өзгеру нысанында заңды тұлға, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны қайта ресімдеу туралы сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, телефоны (8 (7172) 74 03 64 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары Министрліктің: www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияда – www.gov4c.kz. орналастырылған.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.".
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
6, 7, 8, 9 және 10 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабының 7-тармағына сәйкес:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті беру үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш құрайды.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлемді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн".
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және қорытындысын беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.)
9. Көрсетілетін қызмет алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге (сенімхат арқылы оның өкілі жүгінген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін куәландыратын өзге заңдастырылған құжат;
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.
Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның меншік иесінің ауысуына не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне, Қазақстан Республикасы аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылуына байланысты) көрсетілетін қызметті алушы:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін куәландыратын өзге заңдастырылған құжат;
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы бұрын берілген куәліктің түпнұсқасын ұсынады.
Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін растайтын басқа заңдастырылған құжат;
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажет құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге өткізген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдап алудың күні және уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі өтінішті алуды растау болып табылады.
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін –сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін растайтын өзге заңдастырылған құжат;
Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның меншік иесінің ауысуына не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне, Қазақстан Республикасы аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылуына байланысты) көрсетілетін қызметті алушы порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін –сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін растайтын өзге заңдастырылған құжат.
Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін –сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін растайтын өзге заңдастырылған құжат.
Шет тілде ұсынылған құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударуға жатады және нотариалды түрде куәландырылады.
10. Мыналар:
1) өтініш мазмұны осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою есепке қою үшiн алым төленбеуі;
3) шетелдік теле-, радиоарна материалдары конституциялық құрылыстың күштеп өзгертілуін насихаттау немесе үгіттеуден, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзудан, мемлекет қауіпсіздігін бұзудан, соғыс, экстремизим немесе терроризмді насихаттаудан, мейірімсіздік және зорлық-зомбылыққа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық үстемшілікке табынудан, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті тұтатуға бағытталған ақпараттан, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино және бейне өнімнен, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпараттан тұруы;
4) дін тану сараптамасы нәтижелері бойынша жағымсыз қорытынды болуы;
5) шетелдік теле-, радиоарна өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасы аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болуы;
6) мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) күмәнді екенінің анықталуы;
7) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) немесе филиалдың (өкілдіктің) есептік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама ұсынылмауы;
8) белгілі мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жеке түрлерін алуға тыйым салу туралы көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болады: .";
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы, (8 (7172) 74 03 64 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алғандағы өзге талаптар, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетіні";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.qogam.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777";
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы ала алады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.";
7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабының 7-тармағына сәйкес:
1) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою туралы куәлікті беру үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш құрайды.
Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгіну кезінде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн."
9. Көрсетілетін қызмет алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ–мен қол қойған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес);
2) мерзiмдi баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiк пен желілік басылымды қайта есепке алу үшін (мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттiктің меншiк иесiнің ауысуына не оның ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, атының, негізгі тақырыптық бағытының және шығарылу мерзімділігінің, сондай-ақ таралу аумағының өзгеруiне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-мен қол қойған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес);
мерзімді баспасөз басылымына, ақпараттық агенттікке және желілік басылымға меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірменің электрондық көшірмесін ұсынады.
3) куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген мерзiмдi баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қойғаны немесе қайта есепке алғаны туралы куәлік қағаз нысанында ресімделген болса) көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-мен қол қойған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, төлем туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";
10. Мыналар:
1) бұрын берілген сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымына, ақпараттық агенттікке немесе желілік басылымға есепке қойғаны туралы куәлік;
2) мазмұны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы талаптарына сай келмейтін өтініш;
3) баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
4) меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді немесе желілік басылымдарды қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзімді баспа басылымына немесе ақпараттық агенттікке меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті немесе желілік басылымды есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктіктің немесе желілік басылымның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктіктің немесе желілік басылымның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.";
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, телефоны (8 (7172) 74 03 64 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";
13-тармақ алынып тасталсын;
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мекенжайы Министрліктің "www.qogam.gov.kz" интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімде орналастырылған;
15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы ала алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.";
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
5) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою туралы құжат (бұдан әрi – құжат) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек тәртібімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннана кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.);
3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға (сенімхат арқылы оның өкілі жүгінген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш (мерзімді баспасөз басылымдарының атауы, таралым аумағы, негізгі тақырыптық бағыты, мерзімділігі, таралатын даналар саны);
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгесі көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісім алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14 Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Өтініш
Сізден __________________________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы) отандық теле-, радиоарнаны есепке қоюды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және ұйымдық- құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: ______________________________________
(тұратын орны/ орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН ______________________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ___________________________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі ____________________________________
Керітрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _______________________
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін
Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _____________
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы
мәліметтер нысаны
1. Қызметкерлер саны __________________________________________
Инженер-техник мамандар саны _________________________________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
1 жылға дейін ________________________________________________;
бір жылдан астам _____________________________________________.
Маманның тегі | Маманның аты | Маманның әкесінің аты | Мамандығы | Жоғары білімі туралы дипломның № | Диплом берілген күн | Жоғары оқу орнының атауы | Мамандығы бойынша жұмыс өтілі | Лауазымы |
2. Мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер:
телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы
стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар бағдарламасының техникалық
сапасын: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыруды:
иә/жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: телекоммуникациялар желісі бойынша/ эфирлік/кабельдік/спутниктік;
2) хабар таратумен қамту аумағы ______________________________;
3) желі типі _________________________________________________;
стандарт атауы _______________________________________________;
стандарт нөмірі ______________________________________________;
4) таратылатын теле-, радиоарналардың тізімі _________________;
даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;
қысқаша сипаттама ____________________________________________;
5) пайдаланған жағдайда, шартты қолжетімділік жүйесі _________;
6) желіні басқару және пайдалану желісін ұйымдастыру
қағидаттары;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны, оның
ішінде даму кезеңдері бойынша;
МГц көлемі ___________________________________________________;
қосылушылар саны _____________________________________________;
8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс
желілерімен өзара іс-қимыл:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық
байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
меншікті техникалық құралдар бойынша _________________________;
басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ______________;
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне
қосуды ұйымдастыру тәсілі:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы _____________________;
12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу
көздері мен тәсілдері;
студияның орналасқан жері ____________________________________;
пайдаланылатын желінің типі __________________________________;
13) жиілік берілген жабдықтың санитарлық төлқұжаты (радиожиілік спектрін пайдалана отырып теле-, радиоарналарды таратқан жағдайда):
нөмірі мен берілген күні ____________________________________;
төлқұжатты берген мекеме атауы_________________________________;
төлқұжаттың мерзімі ____________________________________;
14) жердің жасанды жерсеріктері (спутниктік байланыс арналары
пайдаланылған жағдайда):
атауы ________________________________________________________;
тиесілігі ____________________________________________________;
орналасқан жері ______________________________________________;
қызмет көрсету аймағы ________________________________________;
жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;
арнаның жылдамдығы ___________________________________________;
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы ________________.
4. Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалы
хабар тарату үшін) ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
жасалған күні ________________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
шартта көрсетілген арналардың тізбесі ________________________.
5. Техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға
арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
шарт кіммен жасалды __________________________________________.
6. Әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлар мен
алаңдардың болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
жалға алу шарты кіммен жасалды _______________________________.
7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдардың
болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
жалға алу шарты кіммен жасалды ______________________________.