"Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 630 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 тамызда № 19231 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7855 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінің № 598-602 (27675) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыруды осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 8 тамыздағы
№ 630 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру

      1. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру (бұдан әрі – қозғалысты ұйымдастыру) "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.

      Қозғалысты ұйымдастыру кезінде, қозғалысты ұйымдастырудың 1-қосымшасында көрсетілген, уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында шектеу енгізіледі.

      Қозғалысты ұйымдастырудың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскелерінде, жаз мезгілінің күндізгі уақытында ауа температурасы 250С жоғары болған кезде жеке білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.

      Жаз мезгілінде:

      1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;

      2) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;

      3) тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;

      4) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;

      5) өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;

      6) мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;

      7) қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер таратылмайды.

      2. Қозғалысқа уақытша шектеу енгізу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту кезінде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік массасының ең көп сомасы қозғалысты ұйымдастырудың 3-қосымшасында көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.

  Қазақстан Республикасының
жалпы пайдаланымдағы
республикалық маңызы бар
автомобиль жолдары
бойынша автокөлік
құралдарының қозғалысын
ұйымдастыруға
1-қосымша

Жазғы кезеңде қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері

      Тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

      1) Ақмола облысы

      2) Ақтөбе облысы

      3) Шығыс Қазақстан облысы

      4) Батыс Қазақстан облысы

      5) Қарағанды облысы (Қарағанды аймағы)

      6) Қостанай облысы

      7) Павлодар облысы

      8) Солтүстік Қазақстан облысы

      Тиісті жылдың 1 маусымынан 31тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

      1) Алматы облысы

      2) Атырау облысы

      3) Жамбыл облысы

      4) Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы)

      5) Қызылорда облысы

      6) Маңғыстау облысы

      7) Түркістан облысы

  Қазақстан Республикасының
жалпы пайдаланымдағы
республикалық маңызы бар
автомобиль жолдары бойынша
автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыруға
2-қосымша

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскесі

Р/с №

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзақтығы, км

Учаскенің басы, км

Учаскенің соңы, км

1

2

3

4

5

6

1

А-1

Нұр-Сұлтан- Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы

128

68

196

  Қазақстан Республикасының
жалпы пайдаланымдағы
республикалық маңызы бар
автомобиль жолдары
бойынша автокөлік
құралдарының қозғалысын
ұйымдастыруға
3-қосымша

Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат етілген автокөлік құралдарының білік салмағының ең көп сомасы

Жеке біліктің жүктемесі, тонна

Білік арасындағы арақашықтық, м

Жүк, арнайы және мамандандырылған автомобильдердің, тіркемелер және жартылай тіркемелердің білік салмағының ең үлкен жиынтығы, тонна

Қосалқы білік

Үштік білік

үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме

8

1 метрге дейін

10

14,4

4,8

1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін

12,0

16,8

5,6

1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін

13,2

19,2

6,4

1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін

14,4

21,6

7,2

      Ескертпе: автокөлік құралдарының жалпы рұқсат етілетін массасы "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11009 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы массасынан 20%-ға төмендету арқылы айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады