Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қарашада № 19610 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 15 қарашадағы
№ 301 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12737 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік архивтер қызметкерлерінің кәсіби және біліктілік дайындығы деңгейін, іскерлік қасиетін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары";

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Қағида Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінде және олардың филиалдарында (бұдан әрі – мемлекеттік архивтер) жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Басшыларды аттестаттаудан өткізуді тағайындаған архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы (бұдан әрі – архив ісі және құжаттама саласы) уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жүкті әйелдерден, сонымен қатар архив ісі және құжаттама саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған тұлғалардан басқа барлық жұмыскерлер аттестаттаудан өтуге жатады.

      7. Біліктілік санаттары (разрядтар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабы 16) тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, сонымен қатар ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Аттестаттауды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Басшының тапсырмасы бойынша персоналмен жұмыс жүрізу бойынша жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – кадр қызметі) жұмыскерлерді аттестаттауды ұйымдастырады.";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басшыларға қызметтік мінездеме архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен дайындалады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Аттестаттау комиссиясы";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) басшымен құрылады, мүшелерінің тақ санынан және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияның құрамына комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері енгізіледі. Төраға және төрағаның орынбасары комиссия мүшелерінің ішінен тағайындалады.

      22. Басшыларды аттестаттайтын комиссия архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен құрылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Комиссияның құрамына мемлекеттік архив бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлердің өкілдері кіреді, ал басшыларды аттестаттайтын комиссияның құрамына архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының бөлімше басшылары мен жұмыскерлері кіреді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Комиссия мүшелері аттестаттаудан жалпы негіздерде өтеді. Комиссия құрамына кіретін жұмыскер өзіне қатысты дауыс беруге қатыса алмайды.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тестілеу";

      32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жұмыскерлер үшін тест сұрақтары мемлекеттік архивтің басшысымен, ал басшылар үшін – архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей әзірленеді және бекітіледі. Тест сұрақтары жауаптарының біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс.

      33. Тестілеу нәтижелері балмен бағаланады және тапсырылған күні хабарланады. Әрбір тест сұрағына дұрыс жауап бір балмен бағаланады.

      34. Тестілеу нәтижелерін оң деп тану үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттерде қамтылған сұрақтар санынан басшылар үшін 80 %-ды, ал жұмыскерлер үшін – 70%-ды құрайды.

      Тестілеу кезеңінің шекті деңгейіне жетпеген жұмыскерлер сұхбаттасуға өткізілмейді және қайта аттестаттаудан өтуге жатады.";

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Сұхбаттасуды және қайта аттестаттауды өткізу";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейін, осы Қағидада анықталған тәртіпте өтеді. Қайта аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

      "Атқаратын лауазымына сәйкес болған жағдайда комиссия осы Қағиданың 37-тармағының екінші бөлігін ескере отырып шешім қабылдайды.

      Комиссиямен атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы шешімді қабылдау аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады. Басшылар мен жұмыскердің аттестаттаудағы теріс нәтижесі оны лауазымынан төмендету үшін, ал егер ол ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда – жұмыстан босату үшін негіз болып табылады.";

      40-тармақтың екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Комиссия шешіміне шағымдану";

      Қағидаға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
мемлекеттік архивтерінің
азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
1-қосымша";

      Қағидаға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
мемлекеттік архивтерінің
азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
2-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Мемлекеттік архив мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бекіту туралы" 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14042 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік архив мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары (бұдан әрі – Талаптар) еңбек қызметі барысында мемлекеттік архив жұмыскерлерінің (бұдан әрі – жұмыскерлер) өмірі мен денсаулығының сақталуына бағытталған тәртіпті, процедураларды және нормативтерді белгілейді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) архив – архив құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ архив мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін архив құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;";

      2-тараудың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      3-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыскерлермен өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік архивтің (бұдан әрі – архив) ғимаратын тиісті түрде ұсталуын және өндірістік құрал-жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар архивте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мониторинг жүргізу;";

      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына (бұдан әр – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне (бұдан әрі – Техникалық регламент) сәйкес өрт қауіпсіздігі жүйесіне, ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесіне, қорғау жүйесіне және жылыту жүйелеріне тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік архив жұмыскерлеріне өртке қарсы нұсқаулық жүргізу ұйымдастырылады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары";

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары";

      6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары";

      7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Өндірістік процестерге қойылатын талаптар";

      8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Өндірістік орын-жайларға қойылатын талаптар";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Архив ғимараты архивтік құжаттарды қабылдау, сақтау, өңдеу, пайдалану бойынша міндеттерді және әкімшілік-шаруашылық, техникалық, тұрмыстық сипаттағы міндеттерді орындауға арналған, негізгі және қосымша орын-жайлардың кешені болып табылады. Орын-жайлардың тиімді жоспарлануы күзет, өрт сигнализациясы құралдарымен жабдықталады және төменгі қабаттағы терезелерде сыртқа қарай ашылатын металл торлармен қорғалады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Құжаттарды кез келген жеткізгіштерде ұзақ уақыт сақтау үшін "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 қаулысына сәйкес температуралық-ылғалдылық параметрлері қолданылады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Архивті санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен жабдықтау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 тіркелген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13943 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 17) тармақшасына сәйкес және мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарына бірыңғай талаптарды бекіту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары";

      1-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Мемлекеттік архивтің директоры";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік архивтің (бұдан әрі – архив) өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерін басқарады;";

      7-тармақта:

      үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – № 576 қаулы) сәйкес құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттардың қабылдануын және есепке алынуын ұйымдастырады;";

      тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "архив қоймаларынан істердің берілуін және олардың қайтарылуын, № 576 қаулыға белгіленген нормалардың, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің сақталуын бақылайды;";

      16-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 576 қаулыда белгіленген архивтік құжаттарды сақтау режимі мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;";

      19-тармақта:

      оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қолданыстағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) қарастырылмаған құжаттардың сақтау мерзімін анықтау, сонымен қатар құжаттардың белгіленген сақтау мерзімін өзгерту мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды;";

      он екінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен дайындалған нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік құралдарды, анықтамалықтарды, сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбелерін қарайды және олар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлейді;";

      22-тармақта:

      он екінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен дайындалған нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік құралдарды, анықтамалықтарды, сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбелерін қарайды және олар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлейді;";

      25-тармақта:

      он екінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен дайындалған нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік құралдарды, анықтамалықтарды, сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбелерін қарайды және олар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлейді;";

      28-тармақта:

      он екінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен дайындалған нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік құралдарды, анықтамалықтарды, сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбелерін қарайды және олар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлейді;";

      34-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың № 576 қаулымен белгіленген нормаларды сақтауын бақылайды;".

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының "Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 25 шілдедегі № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17249 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган жыл сайын 15 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтері, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер және жергілікті атқарушы органдар ұсынған қор карточкаларының негізінде Мемлекеттік қор каталогына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады