Ерейментау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № а-9/296 "Ерейментау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № а-2/29 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 ақпанда № 7066 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 29 тамыздағы № а-9/296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6788 тіркелді, 2018 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ә.О.Айтпаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының
әкімі
В.Радченко
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының
полиция департаменті
Ерейментау ауданының
полиция бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады