Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 283 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 546 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 133 "Ырғыз ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-168 тіркелген, 2018 жылғы 3 сәуірде аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің 1-тармағында "ауданы бойынша" сөздері "ауданында" сөзімен ауыстырылсын.
2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
О. Нұрмағанбет |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Қосаяқов |