Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің Екінші құдық нүктесіндегі "Оразғали" шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда № 6411 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 26.11.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 2-12-4/152 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданының Құмсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің Екінші құдық нүктесіндегі "Оразғали" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Тугыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады