Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 231 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 94 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 6118 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Темір ауданының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 231 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 4020, 2014 жылы 12 қыркүйегінде аудандық "Темір" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Темір аудандық әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Әлжанға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі Ж. Қалмағанбетов

      "Келісілді"

      Аудандық аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Д. Калмағамбетова

      18 сәуір 2019 жыл

  Аудан әкімдігінің 2019 жылғы
  29 сәуірдегі № 94
  қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің
  2014 жылғы 22 тамыздағы № 231
  қаулысына қосымша

Темiр ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Орналастыру орындары және үгіттік баспа материалдарының атауы

мекенжайы

саны

1

Ақсай ауылы, Мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан стенді

Ақсай ауылы, Төсбұлақ көшесі №4

1

2

Алтықарасу ауылы, Мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан стенді

Алтықарасу ауылы, Қарабас көшесі №12

1

3

Құмқұдық ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Құмқұдық ауылы, Мектеп көшесі №6

1

4

Кеңқияқ ауылы, Мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан стенді

Кеңқияқ ауылы, Парк көшесі №9Б

1

5

Қопа ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Қопа ауылы, Саябақ көшесі №43

1

6

Саркөл ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Саркөл ауылы, Мектеп көшесі №32

1

7

Тасқопа ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Тасқопа ауылы, Мектеп көшесі №20

1

8

Темiр қаласы, Қалалық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Темір қаласы, Сақтаған Бәйішев көшесі №6

1

9

Шұбарқұдық кентi, Шұбарқұдық айналым пайдалану локомотив депосы ғимаратының алдында орналасқан стенді (келiсiм бойынша)

Шұбарқұдық кенті, Депо көшесі 2А

1

10

Шұбарқұдық кенті, "Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдында орналасқан стенді

Шұбарқұдық кенті, Нұрпейіс Байғанин көшесі №3

1

11

Шұбарқұдық кенті, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің Темір аудандық бөлімі ғимаратының алдында орналасқан стенді (келісім бойынша)

Шұбарқұдық кенті, Нұрпейіс Байғанин көшесі №15/3

1

12

Шұбарши кентi, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Шұбарши кенті, Геолог көшесі №25А

1

13

Шығырлы ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Шығырлы ауылы, Әлия Молдағулова
көшесі №2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады