Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 29.04.2020 № 70-327 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданы бойынша қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының "Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы | К. Керімбаев |
Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы | С. Жұрын |
Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы "25" қаңтардағы № 49-232 шешіміне қосымша |
Жамбыл ауданы аумағыңда қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерімен) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 4 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |