Шымкент қаласының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 8 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 17 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 853 қбпү қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Шымкент қаласы әкімдігінің 25.08.2021 № 853 қбпү қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 26-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).

      2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      Шымкент қаласы бойынша

      департамент бастығы"

      _____________Қ.С.Тасыбеков

      2019 жыл " " қаңтар

      "Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Шымкент қалалық полиция

      департаменті бастығының м.а."

      _____________А.А. Бейсенбаев

      2019 жыл " " қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады