Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қарашада № 4399 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің 10.03.2020 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48, 50-баптарына, "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры Қ. Бедебаевтың 2019 жылдың 08 қазандағы № 18-17-25-1214-02 шығыс хаты және Жуалы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2019 жылдың 11 қазандағы № 8 хаттамасының негізінде, "Теріс-Ащыбұлақ" су бөгетін су шайып кету қауіпінің туындауына байланысты, Жуалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жуалы ауданы "Теріс-Ащыбұлақ" су қоймасына объектілік ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы Жабағы тағайындалсын және осы шешіммен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу таныстырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Ергебеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады