Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 40/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 5405 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 73/02 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысының әкімдігінің 19.12.2019 № 73/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына, "Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелді) сәйкес, "Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 болып тіркелді) негізінде және Қарағанды облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 02-05/810 ұсынысында айқындалған Ньюкасл құс ауруының пайда болу ауқымын есепке ала отырып, Ньюкасл құс ауруының әкелінуін және таралуын болдырмау, эпизоотиялық ошақты жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу мақсатында, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағы мынадай құрылым бойынша аймақтарға бөлінсін:

      1) қолайсыз аймақ – Родников ауылдық округі Қарасу ауылының аумағын қамтитын эпизоотиялық ошақтан 3 километр радиустағы аймақ;

      2) буферлік аймақ – Родников ауылдық округі Родниковское ауылының аумағын қамтитын қолайсыз аймақ шекарасынан 12 километр радиустағы аймақ;

      3) бақылау аймағы – Жансары ауылдық округі Аманқоңыр ауылының аумағын қамтитын буферлік аймақ шекарасынан 32 километр радиустағы аймақ;

      4) қолайлы аймаққа – Осакаров ауданының қолайсыз, буферлік аймақтың және бақылау аймағының шегінен тыс жатқан аумақтар қолайлы аймаққа жатқызылсын.

      2. "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы", "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемелері (келісім бойынша) және Осакаров ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. "Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады