Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 40/01 "Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 73/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 5598 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) бұйрығына, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 02 "Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында карантин тоқтату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 40/01 "Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5405 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 шілдеде № 73 (22477) "Индустриальная Караганда", № 73 (22669) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2019 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады