Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 12/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 5265 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін, жалпы көлемі – 8,8246 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.

      3. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш. Мамалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады