Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 251 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 8610 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 327 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 28.10.2020 № 327 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 шешіміне (2016 жылғы 13 қыркүйекте "Біздің Торғай" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, 300000 (үш жүз мың) теңге мөлшерде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 9 мамырдан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады