"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Златоуст ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 2-р шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қазанда № 8702 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "Златоуст ауылдық округінің", "Златоуст ауылдық округі" сөз тіркестері "Златоуст ауылының", "Златоуст ауылы" сөз тіркестерімен ауыстырылды – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің 14.01.2021 № 2-р шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-тармағы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 1,0899 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің 14.01.2021 № 2-р шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Умаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады