Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің Красноармейка ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 1-03-12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 6560 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің Красноармейка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 14 маусымдағы қорытындысы негізінде, Красноармейка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округі Красноармейка ауылының келесі көшелері:

      "60 лет Октября" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;

      "Ленин" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Вакпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады