Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 63 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 5258 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 04.02.2021 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 6 тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Сағдиев

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 63 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы əкімдігінің 30.12.2019 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

Шмалько Евгений Сергеевич жеке кәсіпкер

2

50 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады