Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 29.06.2020 № 443 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабы 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Махамбет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 209 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 санымен тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшадағы реттік нөмірі - 7 жол осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 36-сессиясының төрағасы |
А. Қабенов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 316 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | 2 | 3 |
7 | Махамбет ауданында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті | 25 |