Кентау қаласы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 214 қаулысы және Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 266 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 5026 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі және Кентау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:

      1) Иассы ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 233,89 га және Шаға ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 41,25 га жер учаскелері Хантағы ауылы елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Хантағы ауылы, Хантағы елді мекенінің жалпы ауданы 581,83 гектар;

      2) Шаға ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 22 га жер учаскесі Шоқтас саяжай кооперативінің шегіне енгізіле отырып, Шоқтас саяжай кооперативінің жалпы ауданы 225,465 гектар;

      3) Ескі Иқан ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 877,44 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ескі Иқан ауыл округі, Ескі Иқан елді мекенінің жалпы ауданы 2033,03 гектар;

      4) Қарнақ ауылына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 183,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарнақ ауылы, Қарнақ елді мекенінің жалпы ауданы 2154,96 гектар;

      5) Шаға ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 673 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шаға ауыл округі, Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекенінің жалпы ауданы 1315 гектарвболыпвөзгертілсін.

      2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Д. Махажанов
      Кентау қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ж. Құрманбеков
      Кентау қалалық мәслихат хатшысы Т. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады