Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 532 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 8 мамырда № 5043 болып тiркелдi

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 14.02.2023 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 14.02.2023 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 14.02.2023 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 14.02.2023 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Түркістан қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 41 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-4-93 тіркелген, 2011 жылы 11 наурызда "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі Қ.Мылтықбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Өсербаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түркістан қалалық

      сайлау комиссияның төрағасы:

      С.Арысбеков

      "4" мамыр 2019 жыл.

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 08 мамырдағы
№ 532 қаулысына 1 қосымша

Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 14.02.2023 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Қазыбек би көшесі, "Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі" Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының оң жағында

2

Мұхаметжан Тыныштықұлов көшесі, Яссы базарына қарама-қарсы

3

Түркістан айналма тас жолы, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық емханасы" ғимаратына қарама-қарсы

4

Бекзат Саттарханов даңғылы, "Шайхислам" жастар орталығының оң жағында

5

Бекзат Саттарханов даңғылы, "Дастархан" сауда үйінің сол жағында

6

Қазыбек би көшесі, "Астана" мейрамханасының оң жағында

7

Тәуке хан даңғылы № 245 үй, Түркістан облыстық мамандандырылған соттары ғимаратының оң жағында

8

Тәуке хан даңғылы, "Мерей" автобекетінің сол жағында

9

Ораз Жандосов көшесі, "МИГ" жанар-жағар май бекетінің сол жағында

10

Әуежай тас жолының бойында оң және сол жағында

      .

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 532 қаулысының
2 қосымшасы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі

      Ескерту. 2-косымша алып тасталды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 14.02.2023 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады