Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 532 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 14 ақпандағы № 41 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 16 ақпанда № 6241-13 болып тiркелдi

      Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 532 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Турашбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түркістан қалалық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Түркістан қаласының әкімдігі
2023 жылғы 14 ақпандағы
№ 41 қаулысына қосымша
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 08 мамырдағы
№ 532 қаулысына 1 қосымша

Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Қазыбек би көшесі, "Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі" Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының оң жағында

2

Мұхаметжан Тыныштықұлов көшесі, Яссы базарына қарама-қарсы

3

Түркістан айналма тас жолы, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық емханасы" ғимаратына қарама-қарсы

4

Бекзат Саттарханов даңғылы, "Шайхислам" жастар орталығының оң жағында

5

Бекзат Саттарханов даңғылы, "Дастархан" сауда үйінің сол жағында

6

Қазыбек би көшесі, "Астана" мейрамханасының оң жағында

7

Тәуке хан даңғылы № 245 үй, Түркістан облыстық мамандандырылған соттары ғимаратының оң жағында

8

Тәуке хан даңғылы, "Мерей" автобекетінің сол жағында

9

Ораз Жандосов көшесі, "МИГ" жанар-жағар май бекетінің сол жағында

10

Әуежай тас жолының бойында оң және сол жағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады