Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфициентін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 15 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 12 ақпанда № 5-5-165 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17847 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан

      Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Абай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Еділбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Байсабыров
      КЕЛІСІЛДІ:
      Абай ауданы бойынша
      мемлекеттік кірістер
      басқармасының басшысы Қ. Оспанов

      "____"___________20___ жыл

  Абай аудандық әкімдігінің
2019 жылғы "07" ақпандағы
№ 15 қаулысына қосымша

Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

      №

Елді-мекен

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Қарауыл

1,37

2

Құндызды

1,05

3

Медеу

1,15

4

Тоқтамыс

0,95

5

Архат

0,95

6

Кеңгірбай би

1,25

7

Саржал

0,95

8

Қасқабұлақ

0,95

9

Көкбай

1,25

10

Орда

1,05

11

Бөрлі

0,95


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады