Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 129 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 қыркүйекте № 6138 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңыны 28 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. "Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 33 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4416 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 3 наурызында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Маратұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Байсабыров

  Абай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "29" тамыздағы
№ 129 қаулысына қосымша

Абай ауданы бойынша үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар тiзбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Абай ауданы әкімдігінің 02.02.2023 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

№ р/с

Елді-мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар

1

Қарауыл ауылдық округі

"Абай" алаңы, "Айсұлу" дүкені ғимаратының алдындағы қалқан, Мұхаметқанов көшесі 30.

"Балдәурен" ясли бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы қалқан, Шәкәрім көшесі 32.

"Аудандық орталық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы қалқан, Көкбай көшесі 1.

2

Кеңгірбай би ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, Сүндетбай көшесі 22 А.

"Сәт" дүкені ғимаратының жанындағы қалқан, Абай көшесі 15/2.

3

Көкбай ауылдық округі

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы қалқан, Шәкәрім көшесі 3.

Балалар ойыны аланының жанындағы қалқан, Шәкәрім көшесі 42 Б.

4

Құндызды ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, Актамберді көшесі 5.

"Жастар саябағы" жанындағы қалқан, Ш.Әбенов көшесі 18.

5

Архат ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, З.Белібаев көшесі 2.

Балалар алаңы жанындағы қалқан, З.Белібаев көшесі 12 А.

6

Архат ауылдық округі

Орда елді мекені, "Мамай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы қалқан, Қ.Мырзабекова көшесі 44.

7

Қасқабұлақ ауылдық округі

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы қалқан, М.Әуезов көшесі 1.

Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының жанындағы қалқан, М.Әуезов көшесі 5/2.

8

Саржал ауылдық округі

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы қалқан, Қ.Қайырханов көшесі 13.

Дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы қалқан, Ы.Матаев көшесі 13.

9

Тоқтамыс ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, Абай көшесі 10.

Медициналық пункті ғимаратының жанындағы қалқан, Ш.Әзімбаев көшесі 14.

10

Медеу ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, Тұрағұл Абайұлы көшесі 14.

"Жастар саябағы" жанындағы қалқан, Е.Әділбаев көшесі 15.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады