Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 27.12.2021 № 14/11-VII шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 503-бабында белгіленген, Глубокое ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлеріне Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге ұлғайтылсын.
2. Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы № 23/8-VI "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 5-9-175 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 18 шілдеде жарияланды).
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Абильмажинова |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |