Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округі Ақсоғым ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 сәуірде № 5635 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Ақсоғым ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсоғым ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округінің Ақсоғым ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Казахстанская" көшесін - "Қазақстан" көшесі;

      "Женис" көшесін - "Жеңіс" көшесі;

      "Утемисова" көшесін - "Махамбет Өтемісұлы" көшесі;

      "Есенжанов" көшесін - "Хамза Есенжанов" көшесі;

      "Тұрмыс" көшесін - "Жаңа тұрмыс" көшесі;

      "Акжайык" көшесін - "Ақжайық" көшесі;

      "Алтынсарин" көшесін - "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;

      "Интернациональная" көшесін - "Бейбітшілік" көшесі;

      "Исаев" көшесін - "Ораз Исаев" көшесі;

      "Молдагалиева" көшесін - "Әлия Молдағұлова" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Ақсоғым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С.Нуменов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады