Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 6 ақпанда № 19989 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 145-1-бабына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары бекітілсін.

      2. Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 3 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалардың нормалары тағайындалу тәртібі және босатылуы мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен реттелетін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) саяси мемлекеттік қызметшілеріне қолданылмайды.

2-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына конкурстан тыс орналасу жөнінде шешім қабылдайтын Агенттіктің алқалы органы;

      2) Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) – конкурстық комиссияның шешімі негізінде тестілеуге және әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар;

      3) Агенттіктің қызметкерлері – саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, еңбекақысы республикалық бюджеттің қаражатынан жүргізілетін, Агенттікте лауазымдар атқаратын адамдар;

      4) Агенттіктің қызметшілері – мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын, Агенттікте мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар;

      5) ведомстволар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таратылған ведомстволары ("Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 458 Жарлығымен таратылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығымен таратылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті);

      6) кадр қызметі – Агенттіктің қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі;

      7) кадр резерві – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына кейіннен орналасу үшін конкурстан немесе іріктеуден cәтті өткен адамдардың тізімі;

      8) кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия – кадр резервін қалыптастыру мақсатында іріктеуді жүзеге асыратын Агенттіктің алқалы органы;

      9) конкурс – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін өткізілетін рәсімдер;

      10) конкурсқа қатысушылар – конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін Агенттікке құжаттарын тапсырған адамдар;

      11) конкурстық комиссия – Агенттіктің алқалы органы, ол конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайды, кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді және Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттарды түпкілікті іріктеуді жүзеге асырады;

      12) құжаттар – конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың кадр қызметіне ұсынатын құжаттары;

      13) талаптар – Агенттік бөлімшелер қызметінің негізгі бағыттарын, Агенттік қызметшілерінің лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып әзірлеген, Агенттік қызметшісінің лауазымын атқаруға үміткер адамдарға білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;

      14) таратылған Агенттік – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ("Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығымен таратылды);

      15) Ұлттық Банк – Ұлттық Банктің орталық аппараты, филиалдары және өкілдігі;

      16) Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғалар;

      17) Ұлттық Банктің ұйымдары – Ұлттық Банктің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;

      18) іріктеу – Агенттік қызметшілерінің кадр резервін қалыптастыру мақсатында өткізілетін рәсімдер.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасу

      4. Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасу:

      1) конкурстан тыс;

      2) конкурс арқылы жүзеге асырылады.

      5. Агенттіктің қызметшісі лауазымына:

      1) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      2) Агенттіктің қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;

      3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

      5) Агенттіктің қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      6) міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адамды тағайындауға болмайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Агенттік қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін және "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17163 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-1. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-2. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияны Агенттіктің Төрағасы не Агенттік Аппаратының басшысы бекітеді.

      Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия комиссия төрағасынан, комиссия мүшелері мен хатшысынан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.

      Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның құрамына кадр қызметінің басшысы, Агенттік қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімшенің басшысы не олардың орынбасарлары енгізіледі.

      Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде үш адамнан тұратын тақ санды құрайды. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттері Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия мүшелерінің біріне жүктеледі.

      Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның ұйымдастырушылық қызметін Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның хатшысы Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылмайды және Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.

      Ескерту. Қағида 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-3. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, заңды деп есептеледі.

      Ескерту. Қағида 6-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-4. Егер Агенттіктің қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берсе, адам оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Ескерту. Қағида 6-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-5. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешімі Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді, оған Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Ескерту. Қағида 6-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-6. Агенттік қызметшісінің бос лауазымына тағайындалған адамдардың тізімдері Агенттіктің ақпараттық стендінде жалпыға бірдей көруге болатын жерде және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні бойы орналастырылады.

      Ескерту. Қағида 6-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-7. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасалады.

      Ескерту. Қағида 6-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Агенттік қызметшісінің лауазымына конкурстан тыс мыналар орналасады:

      1) Агенттік қызметшісінің бос лауазымына ауысу арқылы талаптарға сәйкес келетін Агенттік қызметкерлері;

      2) кадр резервінде тұрған тұлғалар;

      3) жоғары біліктілік деңгейі және кәсіби дайындығы бар адамдар:

      шет тілін білетін (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6-дан төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);

      және (немесе) ғылыми дәрежесі бар;

      және (немесе) шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған;

      және (немесе) халықаралық бухгалтерлік (CMA, CPA, CIPA, CAP, ACCA, IAB) немесе қаржылық (CFM, CFA, IFA, CIMA) сертификаттары, ақпараттық технологиялар (CISA, CISM) және ішкі аудит (CIA, CCSA, CRMA, CGAP, CFSA) саласында халықаралық сертификаттары, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ACAMS) саласындағы халықаралық сертификаты бар;

      және (немесе) Ұлттық Банктің ұйымдарында және еншілес ұйымдарында, ұлттық басқарушы холдингте, даму институттарында, қаржы ұйымдарында Агенттік қызметшісінің бос лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      және (немесе) мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      4) Ұлттық Банкте, ведомстволарда немесе таратылған Агенттікте кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар Ұлттық Банктің, ведомстволардың немесе таратылған Агенттіктің бұрынғы қызметкерлері (еңбек шарты теріс жағдайлар бойынша бұзылған адамдарды қоспағанда);

      5) Ұлттық Банк Магистратурасының және "Назарбаев Университеті" ДБҰ түлектері;

      6) Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Конкурсқа мынадай:

      1) он сегіз жастан төмен емес;

      2) талаптарға сәйкес адамдар қатысады.

      9. Конкурсқа мынадай бір жүйедегі кезеңдер кіреді:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

      2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

      3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;

      4) кандидаттарды сынақтан өткізу;

      5) кандидаттармен әңгімелесу;

      6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

      7) кадр резервін қалыптастыру.

      10. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен төлейді.

      11. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Агенттіктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      12. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болады:

      1) Агенттіктің атауы, орналасқан жері, почта мекенжайы, кадр қызметінің телефондары мен факсының нөмірлері (сыртқы конкурс жариялаған кезде);

      2) негізгі функционалдық міндеттерін көрсете отырып Агенттік қызметшісінің бос лауазымының атауы;

      3) талаптар;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      5) конкурсты өткізу мерзімдері мен орны.

      13. Конкурстық комиссияны Агенттік Төрағасы не Агенттік Аппаратының басшысы бекітеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Конкурстық комиссия конкурстық комиссияның төрағасынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшысынан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.

      Конкурстық комиссияның құрамына кадр қызметінің басшысы, Агенттіктің қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімшенің, сондай-ақ заң бөлімшесінің басшылары не олардың орынбасарлары кіреді.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан, кемінде үш адамнан тұрады. Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттері конкурстық комиссия мүшелерінің біреуіне жүктеледі.

      15. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

      16. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар кадр қызметіне мынадай құжаттарды қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда ұсынады:

      1) суреті бар түйіндеме (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын, телефон нөмірлерін, білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

      2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Агенттік қызметшісінің үштен артық емес бос лауазымына өтініш беруге құқылы;

      3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда).

      Шет мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жағдайда білім туралы құжатты Қазақстан Республикасының аумағында тану туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі. Бұл талап "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері – Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарға қолданылмайды;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда).

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) қосымша ақпарат болса ұсынады.

      18. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Қағидалардың 12-тармағының 4) тармақшасында белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімінен кешіктірмей ұсынған құжаттар қарау үшін қабылданады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      20. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      21. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды тестілеуге жіберу туралы шешімді конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды, ол конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

      Тестілеуге жіберілген кандидаттардың тізімдері Агенттіктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетін, қолжетімді жерде орналастырылады.

      22. Тестілеудің мақсаты кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін бағалау болып табылады.

      Тестілеу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Конституциясын (он сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (он сұрақ), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" (он сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (он сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге тестілерді қамтиды.

      Тестілеуден өтудің шекті мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан кемінде 20 (жиырма) дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша кемінде 5 (бес) дұрыс жауапты құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілерді орындауға жалпы уақыт 30 (отыз) минут құрайды.

      Кандидаттар тестілеуден өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Тестілеуден өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған кандидаттар әңгімелесуге жіберіледі.

      24. Кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған конкурстық комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімдері Агенттіктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетін, қолжетімді жерде орналастырылады.

      25. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      26. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан сынақ аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Кандидаттарға әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы кадр қызметі электрондық пошта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

      27. Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия талаптарды және Агенттік қызметшісінің тиісті бос лауазымының лауазымдық нұсқаулығын негізге алады.

      28. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі. Жазбалардың тасымалдағыштары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады. Конкурстық комиссияның техникалық жазу құралдарын қолдануы туралы белгі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасында жүргізіледі.

      29. Әңгімелесуден өткен кандидаттардың құжаттарын конкурстық комиссия оның қорытынды отырысында қарайды.

      30. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы әңгімелесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

      31. Конкурстық комиссия қорытынды отырысында кандидаттарды ұсынылған құжаттар, сынақ, әңгімелесу нәтижелері негізінде бағалайды және олардың арасынан Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасу және кадр резервіне есептеу үшін адамдарды іріктейді.

      32. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 қатысса, өкілетті болады.

      33. Кандидат, егер ол үшін конкурстық комиссияның құрамынан қатысқандардың көпшілігі дауыс берсе, оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде конкурстық комиссияның төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      34. Конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері және хатшысы қол қояды.

      35. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған және кадр резервіне енгізілген кандидаттардың тізімі Агенттіктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, конкурс өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      36. Агенттік қызметшісінің лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      37. Конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде шағымдануға болады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Кадр резервін қалыптастыру

      39. Кадр резерві конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттардан және іріктеуден өткен адамдардан қалыптастырылады.

      40. Кадр резервіне есепке алыну үшін іріктеу өткізу туралы хабарландыру Агенттіктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      41. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттіктің ресми интернет-ресурсында түйіндеменің электрондық нұсқасын толтырады.

      Түйіндемені қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған күннен бастап 1 (бір) айдан соң аяқталады.

      42. Түйіндеме қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кадр қызметі түйіндеме ұсынған адамдардың тізімін қалыптастырады.

      Әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы ақпаратты кадр қызметі электрондық пошта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдарға хабарлайды.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия Агенттік бөлімшесі қызметінің бағытына сәйкес келетін салаларда білімі бар адамдарды анықтау мақсатында, тізім қалыптастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдармен әңгімелесу өткізеді.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43-1. Әрбір адаммен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Жазбаның тасымалдағыштары кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хатшысында сақталады. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның жазба құралдарын пайдаланғаны жөнінде кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хаттамасында атап көрсетіледі.

      Ескерту. Қағида 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43-2. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияны Агенттік Төрағасы не Агенттік Аппаратының басшысы бекітеді.

      Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия комиссия төрағасынан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.

      Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамына кадр қызметінің басшылары және қызметкерлері кіреді.

      Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде үш адамнан тақ санын құрайды. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның төрағасы болмаған кезде оның міндеттері кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің біріне жүктеледі.

      Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның ұйымдастырушылық қызметін кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хатшысы кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылмайды және кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімдер қабылдауы кезінде дауыс беру құқығы болмайды.

      Ескерту. Қағида 43-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43-3. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, заңды деп есептеледі.

      Ескерту. Қағида 43-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43-4. Егер адам кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берсе, адам оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Ескерту. Қағида 43-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43-5. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы түрінде ресімделеді.

      Ескерту. Қағида 43-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43-6. Кадр резервіне алынған адамдардың тізімдері Агенттіктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетін, қолжетімді жерде және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      Ескерту. Қағида 43-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағымдануға болады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45. Кадр резервіне есептелген адамдар Агенттік қызметшісінің бос лауазымы болған жағдайда Агенттік қызметшісінің лауазымына оларды кадр резервіне есептеген күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде тағайындалады.

      46. Адамдарды кадр резервінен шығару мынадай жағдайларда:

      1) кадр резервіне есептелген адам кадр резервінен шығару туралы өтініш берген жағдайда;

      2) кадр резервіне есептелген адам Агент қызметшісінің бос лауазымына орналасқан жағдайда жүзеге асырылады.

      47. Агенттіктің кадр резервін қалыптастыру және одан шығару жұмысы кадр қызметіне жүктеледі.

5-тарау. Еңбек шартын тоқтату

      48. Агенттіктің қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      49. Қағидаларда реттелмеген мәселелер Еңбек кодексіне және Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес шешіледі.

  Агенттіктің қызметшілерін
лауазымға тағайындау және
олармен еңбек шартын
тоқтату қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Маған Агенттік қызметшісінің бос лауазымына

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________(лауазымның, бөлімшенің атауы)

      орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын.

      Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.

      __________________ ___________________________________

      қолы Аты-жөні

      20__ жылғы "_____" ______

  Агенттіктің қызметшілерін
лауазымға тағайындау және
олармен еңбек шартын
тоқтату қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

САУАЛНАМА (өз қолымен толтырылады)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Тегі _________________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________________

      Әкесінің аты_________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз __

      ___________________________________________________________________

      Азаматтығы__________________________________________________________

      Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз___________________

      ___________________________________________________________________

      ЖСН_______________________________________________________________

      Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін___________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шетелде оқу не жұмыс істеу

      Барған елі__________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Болу уақыты________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жұмыс немесе оқу орны _____________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті

      қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін

      _______________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан

      айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ____

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан

      айырылдыңыз ба, қашан және не

      үшін___________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Сіз Агенттіктің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерімен

      жақын туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері, апа-сіңлілері,

      балалары, сондай-ақ ерлі зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және

      балалары) қатынастарда барсыз ба ____________________________________________

      _________________________________________________________________

      20___ жылғы "_____" ______                               _______________

                                                                        (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады