"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 20 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32442 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:

      3-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кадр резерві – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына кейіннен орналасу үшін конкурстан немесе іріктеуден cәтті өткен адамдардың тізімі;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия – Агенттік қызметшісінің бос лауазымына конкурстан тыс орналасу жөнінде шешім қабылдайтын Агенттіктің алқалы органы;

      8-2) кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия – кадр резервін қалыптастыру мақсатында іріктеуді жүзеге асыратын Агенттіктің алқалы органы;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Агенттік қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген нысан бойынша декларацияны және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәліметтерді тұрғылықты жері бойынша салық органына ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады".";

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3, 6-4, 6-5, 6-6 және 6-7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      6-2. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияны Агенттіктің Төрағасы не Агенттік Аппаратының басшысы бекітеді.

      Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия комиссия төрағасынан, комиссия мүшелері мен хатшысынан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.

      Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның құрамына кадр қызметінің басшысы, Агенттік қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімшенің басшысы не олардың орынбасарлары енгізіледі.

      Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде үш адамнан тұратын тақ санды құрайды. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттері Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия мүшелерінің біріне жүктеледі.

      Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның ұйымдастырушылық қызметін Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның хатшысы Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылмайды және Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.

      6-3. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, заңды деп есептеледі.

      6-4. Егер Агенттіктің қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берсе, адам оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      6-5. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешімі Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді, оған Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      6-6. Агенттік қызметшісінің бос лауазымына тағайындалған адамдардың тізімдері Агенттіктің ақпараттық стендінде жалпыға бірдей көруге болатын жерде және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні бойы орналастырылады.

      6-7. Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасалады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Конкурстық комиссияны Агенттік Төрағасы не Агенттік Аппаратының басшысы бекітеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар кадр қызметіне мынадай құжаттарды қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда ұсынады:

      1) суреті бар түйіндеме (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

      2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Агенттік қызметшісінің үштен артық емес бос лауазымына өтініш беруге құқылы;

      3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

      4) білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері.

      Шет мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жағдайда білім туралы құжатты Қазақстан Республикасының аумағында тану туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі. Бұл талап "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері - Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарға қолданылмайды;

      5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда);

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тестілеудің мақсаты кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін бағалау болып табылады.

      Тестілеу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Конституциясын (он сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (он сұрақ), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" (он сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (он сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге тестілерді қамтиды.

      Тестілеуден өтудің шекті мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан кемінде 20 (жиырма) дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша кемінде 5 (бес) дұрыс жауапты құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілерді орындауға жалпы уақыт 30 (отыз) минут құрайды.

      Кандидаттар тестілеуден өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде шағымдануға болады.";

      42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Түйіндеме қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кадр қызметі түйіндеме ұсынған адамдардың тізімін қалыптастырады.

      Әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы ақпаратты кадр қызметі электрондық пошта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдарға хабарлайды.

      43. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия Агенттік бөлімшесі қызметінің бағытына сәйкес келетін салаларда білімі бар адамдарды анықтау мақсатында, тізім қалыптастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдармен әңгімелесу өткізеді.";

      мынадай мазмұндағы 43-1, 43-2, 43-3, 43-4, 43-5 және 43-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "43-1. Әрбір адаммен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Жазбаның тасымалдағыштары кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хатшысында сақталады. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның жазба құралдарын пайдаланғаны жөнінде кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хаттамасында атап көрсетіледі.

      43-2. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияны Агенттік Төрағасы не Агенттік Аппаратының басшысы бекітеді.

      Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия комиссия төрағасынан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.

      Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамына кадр қызметінің басшылары және қызметкерлері кіреді.

      Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде үш адамнан тақ санын құрайды. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның төрағасы болмаған кезде оның міндеттері кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің біріне жүктеледі.

      Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның ұйымдастырушылық қызметін кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хатшысы кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылмайды және кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімдер қабылдауы кезінде дауыс беру құқығы болмайды.

      43-3. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, заңды деп есептеледі.

      43-4. Егер адам кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берсе, адам оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      43-5. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы түрінде ресімделеді.

      43-6. Кадр резервіне алынған адамдардың тізімдері Агенттіктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетін, қолжетімді жерде және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде орналастырылады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағымдануға болады.";

      1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын өзім бақылаймын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 20 Қаулыға
қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының қаулысына
1-қосымша
Нысан

ӨТІНІШ

      Маған Агенттік қызметшісінің бос лауазымына

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________(лауазымның, бөлімшенің атауы)

      орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын.

      Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.

      __________________ ___________________________________

      қолы Аты-жөні

      20__ жылғы "_____" ______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады