ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 12 наурыздағы № 130 бұйрығымен бекітілген |
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – лицензия) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2- тарау. "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
1) мынадай өтініштердің біреуін жолдайды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЗТ өтініші);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЖТ өтініші);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10409 болып тіркелген) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны бойынша мәліметтерді толтырады (бұдан әрі – біліктілік талаптар).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші және (немесе) лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтінішінде көрсетілетін жағдайларда жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтердің тіркеуін, олар келіп түскен күні жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, лицензия туралы мәліметтерді, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы растауды көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
7. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
8. Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия ресімдеу немесе лицензияны қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметті қамтитын ақпараттық жүйесі істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтінішке берілген әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды, немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, қателіктің нақты атауын көрсете отырып, қателіктің туындау сәтіне дейін авторландыру сәтінен бастап қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті ұсынумен sd@nitec.kz электрондық пошта бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
__________________________________________________________________________
(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)
мыналарды жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________
(пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше атауы, үйлер / ғимараттар нөмірі (стационарлық үй-жайлар)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы)_______________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені), өше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Осымен: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
________________________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(Қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)
мыналарды жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________________
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
Жеке тұлға__________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" ___________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші ______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу)
20___ жылғы "___" ___________ № ____________,
__________________________________________________________________ берілген,
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
Жүзеге асыруға__________________________________________
(қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)
(тиісті торкөзде көрсетіңіз Х):
1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті торкөзде х көрсетіңіз) жолымен қайта ұйымдастыру): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруі (лицензияда мекенжайын көрсеткен кезде)
3) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда
5) қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда
– шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
_____________ ________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші
_________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
__________________________________________________________________________
жүзеге асыруға
20___ жылғы " ___ " ______________ № ___________, ____________________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы) мынадай негіз(дер)
бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгеруі _____
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______
5) қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы_____________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар нөмірі) ______.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.
Жеке тұлға ____________ _______________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 5-қосымша |
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 26.07.2024 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіндегі 9-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің (жеке немесе заңды тұлғалардың) осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz алу мүмкіндігі бар интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" деген кіші бөлімде Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті деген бөлімінде орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |