БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Cертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сертификаттау және үлгі сертификатын беру және "Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сертификаттау жұмыстары және үлгі сертификатын беру (Doc. 9760) "Ұшу жарамдылығы бойынша нұсқау" ИКАО құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын алу үшін әзірлеуші уәкілетті ұйымға уәкілетті ұйымның кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және осы Қағидаларға1-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.
Мыналар арқылы жүгінген кезде:
уәкілетті ұйымның кеңсесі – әзірлеушіге қабылдау күнін, сұратылған мемлекеттік қызметтің түрін, қоса берілген құжаттардың саны мен атауын, мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру күнін көрсете отырып, еркін нысанда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал, әзірлеушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Әзірлеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, ұшуларды орындау құқығына куәлікті, азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау үшін бюджетке алымның төленгенің растауды әзірлеуші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы әзірлеуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды әзірлеушіден талап етуге жол берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2 және 18-3-тармақтармен толықтырылсын:
"18-1. Уәкілетті ұйым құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
18-2. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
18-3. Әзірлеушінің уәкілетті ұйымның кеңсесіне не порталға осы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Әзірлеуші Стандартта көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым әзірлеушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкестігін тексереді және осы Қағидалардың 3-параграфына сәйкес сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.";
3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Азаматтық әуе кемесінің сертификаттық тексеру және үлгі сертификатын беру (беруден бас тарту)";
23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын әзірлеушіге сертификаттау рәсімінің басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және оларға сәйкес сертификаттық тексеру жүзеге асырылатын халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы хабарлама уәкілетті ұйымның кеңсесі немесе әзірлеушінің "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.
24. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы актіге (бұдан әрі-акт) әуе кемесі үлгісінің нақты жай-күйін, тұжырымдарды, ұсынымдарды және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада қол қойылады, актінің бір данасы әзірлеушіге уәкілетті ұйымның кеңсесі немесе әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Уәкілетті ұйым әуе кемесі үлгісінің үлгі конструкциясының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін белгілейтін зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының оң нәтижелері және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі туралы қорытынды негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер картасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі сертификатын ресімдейді немесе үлгі сертификатын беру мүмкін еместігі туралы қорытынды негізінде Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді.
Үлгі сертификаты шектеусіз мерзімге беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұымның кеңсесі арқылы не әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
25-тармақ алынып тасталсын;
4-параграфтың тақырыбы алынып тасталсын;
26 және 27- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік анықталған жағдайда, әзірлеуші оны жою шартымен актіге қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынады.
Әзірлеушінің анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша әзірлеуші ұсынған шаралары негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде түзету іс-қимылдарының жоспары бекітіледі не оның себептерін негіздей отырып, пысықтауға қайтарылады.
Уәкілетті ұйым түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мерзімді әзірлеуші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған шарттарды ұзартады.
27. Уәкілетті ұйым әзірлеушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) түзету іс-қимылдарын жоспарда белгіленген мерзімде орындауын бақылайды.
Егер әзірлеуші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаса немесе түзету іс-қимылдарын жоспарда белгіленген мерзімде орындамаса, уәкілетті ұйым үлгі сертификатын беруден бас тартады.
Анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін әзірлеуші уәкілетті ұйымның тексеру үшін растаушы құжаттаманы қоса бере отырып, жоспарда белгіленген мерзімде түзету іс-қимылдарын орындау туралы еркін нысандағы анықтаманы ұсынады.
Тексерудің оң немесе теріс қорытындысының нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 24-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ресімделеді және осы Қағидалардың 24-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тәсілмен әзірлеушіге жіберіледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді;
мынадай мазмұндағы 31-1 және 31-2- тармақтармен толықтырылсын:
"31-1. Уәкілетті ұйым қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының атына берілуі мүмкін.
Өтініш берушінің мына мекенжайларға келіп түскен шағымы:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті ұйым оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
31-2. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде ) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.
Уәкілетті ұйым шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрыққа 1-қосымша |
|
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 1-қосымша |
Өтінім
1. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді және сертификат беруді сұраймын.
Үлгісі___________________________________________________________
Әуе кемесінің мақсаты ___________________________________________
Әуе кемесінің жасалған күні _____________________________________
Дайындаушының атауы _____________________________________________
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер (заңды тұлға/жеке тұлға):
БСН/ЖСН__________________________________________________________
Мекенжайы _______________________________________________________
Телефон: ___________________ Факс: _______________________________
Электрондық поштаның мекенжайы (бар болса) _______________________
Егер ӘК Пайдаланушыға жеке тұлға болса:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_______________________________________
Егер ӘК Пайдаланушыға заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы _____________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты, телефоны (болған жағдайда) ______________________________________
____________________________________________________________________
3. ӘК данасының орналасқан жері ____________________________________
4. Массасы, кг ________________ Орталықтандыру, % САХ ______________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрыққа 2-қосымша |
|
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 1-1-қосымша |
"Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 15 ( он бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Әуе кеменің үлгі сертификатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
уәкілетті ұйымның кеңсесіне: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың мемлекеттік қызметті алу үшін және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрыққа 3-қосымша |
|
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 1-2-қосымша |
|
Нысан |
Әуе кемесi үлгiсiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы акті
_____________________________________________________________
(уәкiлеттi ұйымның атауы)
20__ жылғы "___" № _____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға: ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
Комиссия мүшелерi: ________________________________________________________
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
Әуе кемесі үлгісінің пайдалану құжаттамасын сараптау және ұшуға жарамдылығын
бағалау нәтижелері бойынша _________________________
Қорытындының мәтiнi: _______________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Төраға: __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
Комиссия мүшелерi: ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
Актiмен таныстым: __________________________________________
Ұйым басшысы _____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)