Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 204/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 мамырда № 20701 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму мнистрінің м. а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) абонентті сәйкестендіру картасы - абонентті сәйкестендіретін және абоненттің ұялы байланыс операторының қызметтеріне (SIM/R-UIM-, USIM-, eSim - карталар және басқалар) қол жеткізуін қамтамасыз ететін, абоненттік құрылғының бір бөлігі болып табылатын жеке қол жеткізудің сәйкестендіру микропроцессорлық модулі (алмалы-салмалы немесе кіріктірілген);";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) жария шартқа қосылу - қосылатын абонент ұсынылған жария шарттың талаптарын формулярға қол қою жолымен немесе Оператор белгілеген нысанда Автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалану арқылы растаудың өзге де тәсілімен қабылдайтын, осы қосылу айтылған нысанда ұялы байланыс операторы мен абонент арасында шарт жасасу тәсілі;";

      15-1) тармақша алып тасталсын;

      19-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жария шартқа қосылу:

      1) формулярға қол қою;

      2) автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:

      "33) абонентке ұялы байланыс операторының және абоненттік құрылғының техникалық мүмкіндігіне сүйене отырып, қашықтан ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына QR кодын (eSim) беру, жеткізу немесе жүктеу жолымен абонентті сәйкестендіру картасын алу мүмкіндігін береді.".

      2. "Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12464 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) автоматты қызмет көрсету жүйесі - SMS-, MMS- немесе USSD-сұрауды жіберу жолымен немесе Жеке кабинет арқылы не оператор ұсынатын басқа да техникалық мүмкіндіктерді пайдалану жолымен ұялы байланыс қызметтерін және олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді, тарифтік жоспарды абонентке өз бетінше қосу немесе ажырату мүмкіндігін беретін кешенді қызмет көрсету жүйесі;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) абонентті сәйкестендіру картасы - абонентті сәйкестендіретін және абоненттің ұялы байланыс операторының қызметтеріне (SIM/R-UIM-, USIM-, eSim - карталар және басқалар) қол жеткізуін қамтамасыз ететін абоненттік құрылғының бір бөлігі болып табылатын жеке қол жеткізудің сәйкестендіру микропроцессорлық модулі (алмалы-салмалы немесе кіріктірілген);";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Абоненттік нөмірді көшіру реципиентке қызмет көрсету пунктіне абоненттің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) беруі немесе автоматты қызмет көрсету жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      Абоненттің таңдауы бойынша абоненттік нөмірді көшіру 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады.

      Кейінге қалдырылған өтінім бойынша нөмірді көшіру мүмкіндігін тексеру абоненттің өтінімінде көрсетілген күні жүзеге асырылады, бұл ретте егер ауыстыру күні мереке немесе демалыс күніне түссе, онда көшіруді тексеру және көшіру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді абоненттің өтінімі негізінде, мынадай мерзімдерде ұялы байланыс операторлары қамтамасыз етеді:

      1) жеке тұлға үшін:

      45 минутқа дейін;

      2) заңды тұлға үшін:

      4 жұмыс сағатына дейін.

      Бұл ретте мерзімі абонент өтінім берген күнінен және уақытынан бастап есептеледі.

      Реципиенттің өтінімді қабылдауы реципиенттің жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Донордың нөмірді көшіру мүмкіндігін тексеру осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) абоненттің дербес деректерінің дұрыстығы. Бұл ретте, дұрыстығы өтінімде көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)/заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) донор мен абонент арасындағы ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта көрсетілген деректермен сәйкес келуі шынайы деп түсініледі;";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. АНОДҚ-ға жіберілетін абоненттік нөмірді көшіруге сұрау салу мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке тұлғалар үшін:

      абоненттік нөмір;

      ЖСН;

      2) заңды тұлғалар үшін:

      абоненттік нөмір немесе абоненттік нөмірлер тізбесі;

      заңды тұлғаның БСН-і;

      абоненттік нөмірлерді толығымен немесе ішінара көшіруді таңдау туралы нұсқау.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Реципиент АНОДҚ-дан абоненттік нөмірді көшіру туралы сұрау салуды растауды алғаннан кейін абонентпен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады және абонентті сәйкестендірудің жаңа картасын береді не реципиенттің техникалық мүмкіндігі болған кезде абонент донор бұрын берген абонентті сәйкестендіру картасын пайдаланады.

      Бұл ретте, абонентке оның түріне байланысты сәйкестендіру картасын алу мүмкіндігін береді.

      Реципиент және абонент арасында байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген) Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары) сәйкес жасалады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. АНОДҚ-дан сұрау салуды алған кезде донор осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген абоненттік нөмірді көшіру шарттарының сақталуына қатысты сұрау салуды тексеруді орындайды.

      Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша донордың сұрау салуды қарау мерзімі донордың АНОДҚ-дан сұрау салуды алған сәтінен бастап есептеледі және мыналарды құрайды:

      1) жеке тұлға үшін:

      35 минутқа дейін;

      2) заңды тұлға үшін:

      3 жұмыс сағатына дейін.".

      Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
Министрінің
2020 жылғы 21 мамырдағы
№ 204/НҚ бұйрығына
қосымша
  Ұялы байланыс желілерінде
абоненттік нөмірді көшіру
қағидаларына
  қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
(реципиент-оператордың атауы)
____________________________
____________________________
(абоненттің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), абоненттің
тұрғылықты мекенжайы,
байланыс нөмірі)

Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге өтінім

      Абоненттік нөмірді төменде келтірілген мәліметтер негізінде

      ________________________-дан __________________________-ға көшіруді сұраймын:

      (донор-оператордың атауы) (реципиент-оператордың атауы)

Абоненттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ұйымның атауы


ЖСН /БСН


Абоненттік нөмір/абоненттік нөмірлердің тізбесі


Көшіру күні (егер көшіруге өтінім кейінге қалдырылса толтырылады)


      Абоненттік нөмірді көшіруден бас тартуға негіздеме болмаған кезде:

Донор-оператормен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты бұзуды сұраймын

______________________________
(донор-оператордың атауы)

Көшірілген абоненттік нөмірді тарифтік жоспарға қосуды сұраймын:

______________________________
(тарифтік жоспардың атауы)

      Абонент толтырады

Мен, ________________ (абоненттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыру мақсатында реципиент-операторға, донор-операторға, АНОДҚ операторына "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді өңдеуге өз келісімімді беретінімді растаймын.

______________________
(абоненттің қолы)

      Заңды тұлға-абонент толтырады

Абоненттік нөмірлерді толығымен көшіруді таңдау.
немесе
Абоненттік нөмірлерді ішінара көшіруді таңдау.

_____________
_____________


Абоненттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қолы

Реципиент-оператордың жауапты тұлғасының лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Қолы
Күні
Ұйым мөрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады