"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-77/2020 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 шiлдедегi № 52 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 шiлдеде № 20936 болып тіркелді

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай реадкцияда жазылсын:

      "2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы:

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды дайындау объектілеріне;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілеріне;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес дәстүрлі және халық медицинасы (емшілік) объектілеріне;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;

      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту объектілеріне;

      осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;

      осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес стоматологиялық қызмет көрсететін объектілерге;

      осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілеріне;

      осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілеріне;

      осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілерге;

      осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес балалардың сауықтыру және санаторлық (жыл бойғы, маусымдық) объектілеріне;

      осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес ноутбуктер) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы халыққа қызмет көрсету объектілеріне;

      осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес білім беру объектілеріне;

      осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілеріне;

      осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне;

      осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес көтерме және бөлшек сауда объектілеріне;

      осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға және көлік құралдарына (теміржол, су, әуе); иондаушы сәулелену көздерін, қауіпті химиялық және уытты жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға және көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе);

      осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес көлік құралдарына (әуе, теміржол, су, автомобиль) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне;

      осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес радиациялық қауіпті объектілерге;

      осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль) қоғамдық тамақтану объектілеріне, борттық тамақтану объектілеріне;

      осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және гигиена құралдарын өндіру, сақтау және өткізу объектілеріне;

      осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес адамдар уақытша тұратын объектілерге;

      осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілеріне (мәдени-ойын-сауық объектілері, тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану ұйымдары, үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жай иелерінің кооперативтері);

      осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес кәрізді (оның ішінде жауын-шашын кәрізін) тазарту құрылыстарына және желілеріне;

      осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес өндіру және тұтыну қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму полигондарына;

      осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес спорттық-сауықтыру мақсатындағы объектілерге, бассейндерге, моншаларға, сауналарға, кір жуу, химиялық тазарту орындарына;

      осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес 2-санаттағы су объектілеріне (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындарына (жағажайларға);

      осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес емдеу-косметологиялық объектілеріне, сұлулық салондарына, косметологиялық орталықтарға, шаштараздарға;

      осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған су жинау орындарына, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелеріне;

      осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес жерлеу мақсатындағы объектілерге, бейіттерге, саябақтарға, қоғамдық дәретханаларға;

      осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауаны баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілерде (оның ішінде көлік объектілерінде) өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайларына;

      осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және ілеспе объектілер мен құрылыстарға;

      осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес радиотехникалық объектілерге және радиоэлектрондық құралдарға;

      осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және пайдалануға енгізу кезінде өндірістік мақсаттағы объектілерге, ғимараттар мен құрылыстарға;

      осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес көмір өнеркәсібінің өндірістік мақсатындағы объектілеріне, ғимараттары мен құрылыстарына;

      осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес химиялық өнеркәсіптің өндірістік мақсатындағы объектілеріне, ғимараттары мен құрылыстарына;

      осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес түрлі-түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібінің өндірістік мақсатындағы объектілеріне, ғимараттары мен құрылыстарына;

      осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес зертханалардың барлық түрлеріне;

      осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес арнайы тамақ өнімдерін сақтау және (немесе) өткізу объектілеріне;

      осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын сақтау және тасымалдау объектілеріне;

      осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес инфекциялық аурулардың таралуына байланысты карантин және шектеу шаралары енгізілген жағдайда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерге қойылатын талаптары бар тексеру парақтары бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 43-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.В. Бюрабековаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов
     
      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
2020 жылғы 5 шілдесі
№ ҚР ДСМ-77/2020 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2020 жылғы 6 шілдесі
№ 52 бірлескен бұйрығына
қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 463 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 285 бірлескен бұйрығына
43-қосымша

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 139-бабына сәйкес инфекциялық аурулардың таралуына байланысты карантин және шектеу іс-шаралары енгізілген кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерге қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру парағы

      __________________________________________________________________________

      бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеруді тағайындау туралы акті

      __________________________________________________________________________

                                    №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісіні) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

Кіретін жерде, қызметкерлердің, келушілердің дене температурасын бақылау үшін қондырғылардың (аспаптар) болуы





2

Кіреберісте, холда, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлердің болуы





3

Дезинфекциялау, жуу, антисептиклық құралдардың болуы





4

Санитариялық тораптарда жеке гигиена құралдарының болуы (сұйық сабын, антисептик)





5

Жұмыс орындарында антисептиктің болуы, қамтамасыз ету





6

Қызметкерлердің жұмысқа шығуын белгілейтін мониторинг журналының болуы, болмау себептері





7

Қозғалу қарқындылығы байқалатын адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін едендегі белгілер арқылы немесе шектеу бағандары арқылы орындар белгілерінің болуы





8

Алдын ала жазылуды қамтамасыз етудің болуы, "күту аймағын" болдырмау, келуші (клиент) мен қызметкер арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету





9

Қоғамдық тамақтану пункттерінде үстелдер арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтау





10

Жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, қызмет көрсету саласындағы объектілерде оңтайлы жұмыс аймақтары шекаралары белгілерінің болуы





11

Қызметкерлерді бір-бірінен кемінде 1 метр қашықтықта әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бір үй-жайда орналастыру





12

Тамақ өнімдерін буып-түйілген түрде өткізуді қамтамасыз ету (кесілмеген көкөністер мен жемістерді қоспағанда)





13

Профилактикалық дезинфекциялық іс-шараларды өткізу





14

Желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, сауда орталықтары ішіндегі желдету жүйелері мен ауаны салқындату жүйелерінің жарамды жұмысын қамтамасыз ету





15

Ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде келушілердің бір мезгілде жиналуына жол бермеу (жобалық қуаттың 50%-ынан асырмай)





16

Топтардың, залдардың толымдылығын жобалық қуаттың 50%-нан асырмай қамтамасыз ету





17

Объектінің қызметін шектеуге (тыйым салуға) қойылатын талаптарды сақтау (жұмыс режимі)





18

Жұмыс күні ішінде персоналдың жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету және уақтылы ауыстыруы (маскаларын әрбір 2 сағат сайын, қолғаптарын жарамсыз болғанда)





19

Қызметтік көлікті қоса алғанда, қоғамдық көліктің жүргізушісінде, кондукторда қолды өңдеуге арналған антисептиктің және олар талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстырылатын қорғаныш құралдарының (маскалар мен қолғаптар) болуы





20

Жабық үй-жайларға, сондай-ақ қоғамдық көлікке қорғаныш маскалары жоқ келушілерді (жолаушыларды) жібермеу





21

Адамдар көп жиналатын орындарда кемінде 1 метр қашықтықты сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету





22

Салтанатты іс-шараларды, ас беру өткізуді шектеуге қойылатын талаптарды сақтау





23

Бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде спорттық және отбасылық іс-шараларға қатысуды шектеуге қойылатын талаптарды сақтау





24

Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімде алыс шет елдерден келгеннен кейін тестілеуден өту





      Лауазымды адам (дар) ____________________________________

      лауазымы             қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы ________________________________

      лауазымы             қолы

      ______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады