"Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 283 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 тамыздағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 тамызда № 21046 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 03.08.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 283 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20985 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Біржолғы төлем "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3-тармағына сәйкес 2020 жылғы шілде және тамыз айларында енгізілген шектеу іс-шаралары кезеңінде кірістен толық айырылу жағдайында "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 ең төмен жалақы мөлшерінде бір рет тағайындалады.

      Бұл ретте 2020 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша тағайындалған біржолғы төлемдер автоматты түрде қайта есептеледі және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мөлшерде тағайындалады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Біржолғы төлем тағайындау туралы өтініш келесі тәсілдердің бірі:

      1) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      2) Enbek.kz порталы арқылы;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін - электрондық үкіметтің telegram-bot-ы және 42500.enbek.kz aitu-bot порталы арқылы;

      4) екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары;

      5) осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы көрсетіледі. Бұл жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш талап етілмейді. Әлеуетті өтініш берушіге біржолғы төлем тағайындауға келісім алу үшін ұялы байланыстың мобильді құралдары арқылы СМС хабарлама жіберіледі.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдардың қатарына жатпайтын адамдардың, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген негіздер болған кезде және осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар біржолғы төлем тағайындауға өтінішті өз бетінше берген жағдайда ақпараттық жүйе өтініштерді автоматты түрде қабылдамайды.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес берілген өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар өтінішке СМС арқылы жіберілген бірреттік пароль арқылы қол қоя алады.

      Жұмыс органы осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жұмыс берушілер және осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар берген біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді осы өтініштер тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық (қалалық) штабтардың қарауына шығарады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту немесе біржолғы төлем тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы шешімдерді қайта қарау үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдар тармақшаларында көрсетілген адамдар аудандық (қалалық) штабтарға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту/біржолғы төлем тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау туралы өтініш (бұдан әрі - шешімді қайта қарауға өтініш) береді.

      Осы Қағидалардың 3-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін шешімді қайта қарауға өтінішті жұмыс беруші ұсынады немесе жұмыс беруші қайтыс болған жағдайда дербес беріледі.

      Жұмыс берушінің қайтыс болу фактісі мемлекеттік органдардың акпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде анықталады.

      Аудандық (қалалық) штабтар шешімді қайта қарауға өтініштерді 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қабылдайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Аудандық (қалалық) штаб жұмыс органы қоса берілген құжаттармен және (немесе) мәліметтермен шешімді қайта қарауға өтініштерді қарауға енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы төлем тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы немесе біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау үшін негіздердің болуы (болмауы) туралы қорытынды (бұдан әрі - қайта қарау туралы қорытынды) шығарады.

      Жұмыс органы қорытынды шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші ұсынған шешімді қайта қарау туралы өтінішті, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, сондай-ақ қайта қарау туралы қорытындыны ақпараттық жүйеге орналастырады және шешімді қайта қарауға өтінішті қарау нәтижелері туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайта қарау туралы қорытындының көшірмесін (оның сұрауы бойынша) ұсынады.

      Жұмыс органы осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген шешімді, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қайта қарау туралы өтінішпен қоса қайта қарау туралы оң қорытындыны қайта қарау туралы қорытынды шыққан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жолдайды.

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау осы Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қор аудандық (қалалық) штабтың қайта қарау туралы оң қорытындысын алғаннан кейін біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге және әлеуметтік төлемнен бас тартылған адамға бір жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      1, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 2 тамыздағы
№ 292 бұйрығына
1-қосымша
  Шектеу іс-шараларының
енгізілуіне байланысты кірістен
айырылу жағдайы бойынша
біржолғы әлеуметтік төлемді
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың 20__ жылғы " __ " _________ № __ қорытындысы

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб шектеу

      іс-шараларын енгізу салдарынан кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы/өтініш берушінің (Т.А.Ә. (бар болса)

      өтінішін қарап, Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу

      жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі –

      Қағидалар) 4-тармағы негізінде шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен

      айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау жолымен мынадай:

      _________________________ (себебін көрсету қажет) себебінен шектеу

      іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік

      қолдау көрсетуден бас тарту туралы

      шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша

      біржолғы әлеуметтік төлем тағайындау жолымен шектеу іс-шараларының енгізілуіне

      байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы қорытынды шығарды.

      (кажетін таңдау қажет)

      Жұмыскерлердің тізімі:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Жалақысы сақталмайтын демалысының басталған және аяқталған күні





      Комиссия төрағасы: ________________________________

      Комиссия мүшелері*: ______________________________

      _______________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      *ескертпе: тек қағаз жеткізгіште

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 2 тамыздағы
№ 292 бұйрығына
2-қосымша
  Шектеу іс-шараларының
енгізілуіне байланысты кірістен
айырылу жағдайы бойынша
біржолғы әлеуметтік төлемді
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша
  нысан

Өтініш

      Аудандық (қалалық) штабқа _______________________________________________________

      (аудан, қала)

      Кімнен__________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы/өтінім берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      Ұйымның/өтінім берушінің мекенжайы: _____________________________________________

      (аудан, қала)

      E-mail ________________________________ Телефон __________________________________

      Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша

      біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы/ біржолғы төлем тағайындау туралы

      өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы (тиістісінің астын сызу қажет) шешімді қайта қарау

      негіздерінің болуы (болмауы) мәселесін қарауды сұраймын


жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлерге

жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлерге:

      Жұмыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)____________________

      Жұмыс берушінің ЖСН ____________________


дара кәсіпкерге

жеке практикамен айналысатын адамға

бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғаға

азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаға

      ұсынылып отырған тізімге сәйкес:

Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
ЖСН Банктің атауы Банк шотының нөмірі Ұялы телефон нөмірі






      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

1




2




      Жалған ақпарат пен дәйексіз (дұрыс емес) құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы__________________________________

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 2 тамыздағы
№ 292 бұйрығына
3-қосымша
  Шектеу іс-шараларының
енгізілуіне байланысты кірістен
айырылу жағдайы бойынша
біржолғы әлеуметтік төлемді
жүзеге асыру қағидаларына
9-қосымша
  нысан


Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың

облыстық штабтың

      (қажеттісін таңдаңыз)

      шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша

      біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау

      негіздерінің болуы (болмауы) туралы _________ 20__ жылғы " __ "_________ № ____ қорытындысы

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб/облыстық

      штаб шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша

      біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы/біржолғы төлем тағайындау туралы

      өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарауға өтінішті қарап,

      ___________________________________________________________,

      (ұйымның атауы/өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      мыналардың негізінде:

      1.______________________________________________________________________________

      2.______________________________________________________________________________

      3.______________________________________________________________________________

      (негіздемесін көрсету: негізінде тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау

      негіздерінің болуы (болмауы) туралы қорытынды шығарылған құжат, мәліметтер,

      Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы

      әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сілтеме) шектеу іс-шараларын енгізуге

      байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындаудан

      бас тарту туралы шешімді қайта қарау негіздерінің болуы (болмауы) туралы қорытынды

      шығарады.

      Комиссия төрағасы:_________________________________________________________

      Комиссия мүшелері*:_______________________________________________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      *ескертпе: тек қағаз жеткізгіште

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады