Степногорск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № а-10/483 "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/136 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 7784 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қазандағы № а-10/444 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 20.10.2020 № а-10/444 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № а-10/483 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7432 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерінде "Степногорское" сөзі "Байқоныс" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Е.Баяхметов
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Степногорск
қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Р.Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады