Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № А-5/272 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 мамырда № 7866 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № А-3/83 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 12.03.2021 № А-3/83 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданы Садовый, Викторовка, Чаглинка, Зеренді ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 18,196 гектар "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т.Әленовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі Б.Ғайса

  Зеренді ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "26" мамырдағы
№ А-5/272 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар

Жер санаты

1

Садовый ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

1,7192

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

2

Викторовка ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

0,4772

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

3

Чаглинка ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

4,736

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

4

Зеренді ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

11,2636

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

Барлығы

18,196



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады