Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 2413 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 4261 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қарашада № 7668 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 5-2/404 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Құрайлы тұрғын үй алабының аумағында ірі мүйізді және ұсақ мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 2413 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7194 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) каулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады