ЗҚАИ-дың ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 348 "Мәртөк ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6481 тіркелген, 2019 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мәртөк аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары И.Еспағанбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк ауданының әкімі | Е. Кенжеханұлы |
Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 296 қаулысымен бекітілген |
Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
Мәртөк ауданы | ||
Мәртөк ауылдық округі | ||
1 | Мәртөк ауылы | 2,7 |
2 | Құмсай ауылы | 1,55 |
3 | Қазан ауылы | 1,85 |
Аққұдық ауылдық округі | ||
4 | Достық ауылы | 1,75 |
5 | Вознесеновка ауылы | 1,75 |
6 | Первомай ауылы | 1,35 |
7 | Жаңажол ауылы | 1,35 |
8 | Қарабұлақ ауылы | 1,35 |
Байнассай ауылдық округі | ||
9 | Ақмоласай ауылы | 1,45 |
10 | Байнассай ауылы | 1,75 |
Байторысай ауылдық округі | ||
11 | Байторысай ауылы | 1,75 |
12 | Дмитриевка ауылы | 1,7 |
13 | Покровка ауылы | 1,6 |
14 | Полтавка ауылы | 1,75 |
Қарашай ауылдық округі | ||
15 | Қаратаусай ауылы | 1,75 |
16 | Аққайың ауылы | 1,75 |
Қаратоғай ауылдық округі | ||
17 | Қаратоғай ауылы | 1,85 |
Қызылжар ауылдық округі | ||
18 | Қызылжар ауылы | 1,75 |
19 | Бөрте ауылы | 1,75 |
20 | Шевченко ауылы | 1,75 |
Құрмансай ауылдық округі | ||
21 | Құрмансай ауылы | 1,75 |
22 | Егіз ата ауылы | 1,6 |
23 | Шаңды ауылы | 1,45 |
Тәңірберген ауылдық округі | ||
24 | Саржансай ауылы | 1,95 |
25 | Кенсахара ауылы | 1,95 |
Родников ауылдық округі | ||
26 | Родников ауылы | 2,35 |
Хазірет ауылдық округі | ||
27 | Хазірет ауылы | 1,75 |
28 | Жездібай ауылы | 1,25 |
Сарыжар ауылдық округі | ||
29 | Сарыжар ауылы | 2,55 |
Жайсаң ауылдық округі | ||
30 | Жайсаң ауылы | 2,45 |
31 | Көкпекті ауылы | 1,35 |
32 | Жаңатаң ауылы | 1,25 |