Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 маусымда № 7144 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің 16.09.2022 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 15-4/423 ұсынысы негізінде, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округінің Тасөткел және Ақбұлақ ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Сейтмаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады