Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 29/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 5833 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына, "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты анықталсын:

      1) шарттары:

      мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылған жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі - төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде айқындалған Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық пайызы 6,1 (алты бүтін оннан бір) %;

      қарыз мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне байланысты 12 (он екі) жылға дейін;

      қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;

      негізгі борышты төлеу – қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен;

      2) көлемі:

      51 030 000 000 (елу бір миллиард отыз миллион) теңгеден аспайды;

      3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде өңірлерді дамыту.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады