Қарағанды облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында жеке тұлғалардың орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау нормаларын бекiту туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 536 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 маусымда № 5878 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорының аумағында жеке тұлғалардың орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) және облыс әкімінің орынбасарына (С.Ж. Шайдаров) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Брамонтова
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 11
маусымы
№ 536
Шешімге қосымша

Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормалары

Орман ресурстарының түрлері

Орман ресурсын жинау нормасы, килограмм

1

Орман ресурстарының түрлері


1) Дала жемістер

3


2) Жидектер

3


3) Саңырауқұлақтар

3

2

Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізаттар


1) Шөптер

3


2) Гүлдер

3


3) Жапырақтар

3


4) Сабақтар және өскіндер

3


5) Жемістер, жидектер

3


6) Бүршіктер

1


7) Тамырлар

3

3

Қосалқы сүрек ресурстарын жинау


1) Қабықтар

3


2) Бұтақтар

3


3) Түбірлер

3


4) Тамырлар

3


5) Жапырақтар

3


6) Бүршіктер

1

      Ескертпе: жеке тұлғалардың, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатына жатқызылған өсімдіктер дүниесі объектілерін қоспағанда, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн рұқсаттама құжаттарынсыз болуға құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады